24.06.2015, 14:25 3597

"Нұр Отан" мен "Единая Россия" өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойды

Ресми сапарыныӊ бірінші күнінде "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасыныӊ Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті.

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - 23 маусымда "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбектіӊ басшылығымен "Нұр Отан" партиясы делегациясыныӊ Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары басталды. Екі жақты кездесу барысында Мәскеуде "Единая Россия" бүкіл ресейлік саяси партиясыныӊ басшылығымен екі билеуші партияныӊ арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ресми сапарыныӊ бірінші күнінде "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасыныӊ Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында бүгінгі таӊда ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеӊесініӊ, ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Думасыныӊ арасында тікелей өзара іс-қимылдыӊ орнатылғаны, ал, депутаттардыӊ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы отырыстары шеӊберінде жемісті жұмыс жасап жатқандары атап өтілді. Тараптар екі елдіӊ Парламенті арасындағы байланыстарды әрі қарай да дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

Сапар шеӊберінде "Нұр Отан" партиясыныӊ делегациясы "Единая Россия" Бас кеӊесініӊ хатшысы, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасыныӊ орынбасары Сергей Неверовпен жүздесті.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек "Нұр Отан" мен "Единая Россия" партияларыныӊ билеуші болып табылатынын және өз елдеріндегі заӊнамалық органдарда көпішілік дауысқа ие екенін атап өтті. Сонымен бірге партияларды "Нұр Отан" Доктринасындағы, сондай-ақ "Едина Россияныӊ" ресми тұғырнамасында белгіленген орталықшылдық идеологиясы мен ортақ консервативтік құндылықтар біріктіреді.

Тараптар біздіӊ елдеріміздіӊ арасындағы партияаралық және парламентаралық әріптестіктіӊ қарқынды дамуыныӊ Қазақстан мен Ресейдіӊ өзара тиімді әріптестігініӊ нығаюына ықпал ететініне тоқталды.

Сапар шеӊберінде "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, сондай-ақ РФ Мемлекеттік Думасындағы "Единая Россия" партиясы фракциясыныӊ жетекшісі, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасыныӊ орынбасары Владимир Васильевпен жүздесті.

Ресейлік әріптестерімен кездесуі барысында Бауыржан Байбек Қазақстан Президенті, партия Лидері Н.И.Назарбаевтыӊ партияныӊ ХVІ Сьезінде жария еткен Бес институтционалдық реформасын, сондай-ақ қабылданған "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын іске асырудағы "Нұр Отан" партиясыныӊ рөлін атап өтті.

Өз кезегінде "Единая Россия" партиясы фракциясыныӊ жетекшісі, Мемлекеттік Думаныӊ вице-спикері Владимир Васильев партиялар арасындғы ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалады.

"Біз ресейлік-қазақстандық өзара іс-қимылдыӊ деӊгейі мен жемісті сипатын көрсететін, "Единая Россия" "Нұр Отан" партиясыныӊ арасындағы қалыптасқан ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті В.Васильев.

Осы ретте, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек биылғы жылы Қазақстанныӊ ТМД-ға төрағалық ететінін және елдердіӊ арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды әрі қарай тереӊдете түсуге ықыласты екенін жеткізді.

"Ресей Қазақстан үшін - бауырлас ел, бейбіт көрші және стратегиялық серіктес. Биылғы жылы Қазақстан Президенті, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ осыдан жиырма жыл бұрын жариялаған идеясын шындыққа айналдырған - Еуразиялық экономикалық кеӊес бастау алды. Бірігудіӊ ғаламдық тәжірибесі күш-жігерді біріктірудіӊ ұзақ мерзімді экономикалық дивидендтер әкелетінін және халықтыӊ әл-ауқатын көтеретінін көрсетіп отыр", - деді Б.Байбек.

Ресей парламентшілері атаулы күндерді мерекелеу бойынша бірлесіп жұмыс жасаудыӊ қажет екенін жеткізді, олардыӊ қатарында Ұлы Отан Соғысы Жеӊісініӊ 70 жылдығы да бар. Сонымен бірге Федералдық Кеӊестіӊ Халықаралық істер бойынша комитеті басшысыныӊ орынбасары А.Климов "Қазақ Хандығыныӊ 550 жылдығыныӊ біздіӊ халқымыздыӊ тарихындағы маӊызды кезеӊі болып табылатынын және осы айтулы оқиғаны назардан тыс қалдырмайтындарын" атап өтті.

Осы күні "Нұр Отан" партиясы мен "Единая Россия" бүкіл ресейлік саяси партиясы арасында өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.

Аталған Келісім "тәуелсіздік, теӊдік, өзара құрмет пен бір-бірініӊ ісіне араласпау негіздері мен қағидаттарына сүйеніп жасалды. Өйткені, партиялық байланыс қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардыӊ маӊызды құрамды бөлігі болып табылып, ортақ мүдде үшін олардыӊ тұрақты дамуына ықпал етуді көздейді".

Билеуші партиялардыӊ арасындағы өзара іс-қимылдыӊ негізгі аспектілерініӊ қатарында - партия құрылысы саласындағы тәжірибесімен бірін-бірі таныстыру, партиялық жобаларды, ұйымдастыру жұмыстарын, бақылау-ревизиялық қызметті, кадрларды оқыту мен дайындауды іске асыру, мемлекеттік биліктіӊ өзара ортақ мүддені танытатын заӊнамалық органдардыӊ қызметіне, жастар саясатына, халықаралық байланыс пен басқа да салаларға да қатысуы бар.

Сонымен қатар келісімде тараптардыӊ партияныӊ оқыту құрылымдары арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ, "достық пен көршілікті нығайту, жастарды патриотизм мен еӊбексүйгіштікке баулу мақсатында, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанаты мен "Молодая гвардия Единой Россий" бүкіл ресейлік қоғамдық ұйымыныӊ арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал ететіні айтылған.

Тараптар партия басшылығы делегациясы сапарыныӊ алмасуы туралы келісті. Мысалы, 2015-2016 жылдары "Единая Россия" бүкіл ресейлік саяси партиясы басшылығы делегациясыныӊ Қазақстан Республикасына сапары жоспарланған, 2017 жылы "Нұр Отан" партиясы басшылығы делегациясы Ресей Федерациясына сапарлап барады.

Сапар барысында делегация мүшелері "Единая Россия" партиясыныӊ Орталық атқару комитетініӊ жетекшілерімен, "Молодая гвардия Единой России" басшылығымен кездесіп, партияныӊ Мәскеу қалалық өӊірлік бөлімініӊ жұмысымен танысты.

Делегация құрамында - "Нұр Отан" партиясы Саяси Кеӊесі Бюросыныӊ мүшесі Анатолий БАШМАКОВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық қоғамдық кеӊестіӊ төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясыныӊ мүшесі Қайырбек Сүлейменов, "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ төрағасы Нұрлан Сыдықов, партияныӊ Саяси менеджмент мектебініӊ директоры Исет Ибдуалиев бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны