10.04.2014, 19:18 2987

"Нұр Отан" мүгедектерге арналған ақпараттық портал ашады

Қазақстанның ондаған аймағынан келген ҮЕҰ мен мүгедектер қоғамының 30 астам өкілі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру жөнінде тілектері мен ұсыныстарын жеткізсе, Достастық елдердің (Ресей, Тәжікстан және т.б.) сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. "Нұр Отан" мүгедектерге арналған ақпараттық портал ашады. Бұл туралы бүгін ҮЕҰ өкілдерімен мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылаған кездесуде "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының басшысы Исел Жүнісова мәлімдеді.

"Ақпарат жұмыссыздық, денсаулық, әлеуметтік бейімделу, кедергісіз орта және т.б. бөлімдер бойынша бөлініп беріледі. Ирі көзі нашар көретін, сондай-ақ құлағы мүкіс адамдарға бейімделіп ұсынылады", - деді Исел Жүнісова.

Ол сондай-ақ ақпарат топтастыруда мүмкіндігі шектеулі адамдардың талап-тілектері ескерілетінін жеткізді, деп партияның ресми порталы хабарлады.

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту кезеңінен бастап ашық еңбек нарығында еңбекке орналасуға дейінгі кезеңдердің қиындықтарына дейінгі әлеуметтендіру мәселелері қозғалды.

Қазақстанның ондаған аймағынан келген ҮЕҰ мен мүгедектер қоғамының 30 астам өкілі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру жөнінде тілектері мен ұсыныстарын жеткізсе, Достастық елдердің (Ресей, Тәжікстан және т.б.) сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында Исел Жүнісова "Нұр Отанның" жанынан Мүгедектер істері жөніндегі кеңес құру жоспарда барын айтты.

"Бүгінде елімізде мүгедектердің қоғамдарының өкілдері түрлі жұмыс топтарының құрамына енген, соған байланысты олардың мәселелері бөлек-бөлек талқыланып жатады. Инклюзивтік білім беру білім жөніндегі топта, жұмысқа орналастыру өз алдына, ал оңалту денсаулық сақтау жөніндегі топтың жиылыстарында қаралады. Тіпті жұмысқа орналасуға көмектесу үшін де мәселені бірлесе шешу қажет. сондықтан, бірыңғай алаң құру тиімді болар еді", - деп атап өтті Исел Жүнісова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны