23.01.2014, 20:39 3408

"Нұр Отан" партиясы 150-200 мың мүгедекті жұмыспен қамтуды мақсатқа алды - Б. Байбек

"Бүгін заңнамалық квотаның 3 пайызы жұмыспен қамтуға бағытталған, алайда ол аймақтарда жұмыс істемейді. Біз бүгін қандай заңнамалық өзгерістер енгізуді қарастыруымыз қажет. Сол арқылы мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету керек", - деді ол.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. "Нұр Отан" партиясы 150-200 мың мүгедекті жұмыспен қамтуды мақсатқа алды. "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның аймақтық филиалдарымен мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөнінде онлайн режимінде өткен кеңесте айтты.

"Кеше біз "Кедергісіз болашақ" акциясын бастадық. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы бойынша "Нұр Отан" партиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың өмір сүру сапасын жақсартумен шұғылданатынын атап өтті. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде елімізде 630 мыңға тарта мүгедек бар. Сондықтан мүгедектерге көмек көрсету, олардың қоғамға қиындықсыз икемделуі үшін қолайлы жағдайлар туғызу, еңбек және шығармашылық потенциалын жүзеге асыру - мұның барлығы тұтас қоғамның, яғни бизнестің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың міндеті", - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, партия мүгедектерді жұмыспен қамту және Сақтандыру қорын төлем жағдайын қамтамасыз етеді.

"Зейнетақы қоры төлейтіндердің ішіне 400 мыңның 51 мыңы жатады. Партия тапсырысы - 150-200 мүгедекті жұмыспен қамту", - деді Б. Байбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалуына мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, анықтаманы алуды жеңілдету.

"Бүгін заңнамалық квотаның 3 пайызы жұмыспен қамтуға бағытталған, алайда ол аймақтарда жұмыс істемейді. Біз бүгін қандай заңнамалық өзгерістер енгізуді қарастыруымыз қажет. Сол арқылы мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету керек", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны