"Нұр Отан" партиясы елдегі қоғамдық күштің негізі болып есептеледі - Н. Назарбаев
Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Б. Байбек кездесу барысында Мемлекет басшысы - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың және 2050 Стратегиясын түсіндіру мен жүзеге асыру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.
Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясы еліміздегі негізгі қоғамдық күш екеніне, оның жұмысының бір бағыты мемлекеттік саясатты түсіндіру болып саналатынына тоқталды.
"Өңірлерде жұмыс істейтін партиялықтар жүргізіліп жатқан жұмысты халыққа жеткізуі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылауы тиіс. Партия беделі өте жоғары деңгейде сақталып, абыройы мұнтаздай болуы тиіс", - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
"Шетелдік инвесторлар кеңесінің өткен отырысы кәсіпкерліктің мүдделілігі жоғары екенін көрсетті. Мен елдегі бизнестік ахуалды жетілдіру жөніндегі жаңа міндеттерді жарияладым. Барлық жерде шағын және орта бизнесті қолдап, тұрғындардың бизнес-жобалар әзірлеуіне, несиелеу көздерін тауып, салықтық және басқа да преференциялар туралы білуіне көмектесу керек. Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту көптеген жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, партияның осы мәселені өз қолына алғаны жөн", - деді Мемлекет басшысы.
"Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары өз кезегінде тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылғаны туралы мәлімдеді.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауына 800 мың адам келді. 39 мың арыз мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Партиялық бақылау мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылды күшейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Соңғы алты айда осы санаттағы 4000 адам жұмысқа орналастырылды", - деді Б.Байбек.
Бұдан бөлек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Үкімет қызметінің нәтижелерін түсіндіру, "Қазақстан-2050" стратегиясын, сондай-ақ еуразиялық экономикалық интеграцияны жүзеге асыру аясындағы жұмыс жөнінде хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы, партия көшбасшысы "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асыру, халықпен тікелей өзара іс-қимыл аясын кеңейту, партияның өзін-өзі жан-жақты қамтамасыз етуі және оның алдына қойылған өзге де міндеттерді орындауы жөніндегі жұмысты одан әрі күшейтуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бектенов Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл және Сергеев су торабының жағдайын тексерді
Су қоймалары бар Сергеев және Петропавл су тораптары - республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне енгізілген және ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары. Сергеев су қоймасындағы жиналған судың көлемі 82%-ды құрайды. Бұл жерлерде саяжай учаскелерін ерекше назарда ұстауды тапсырамын", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Қазсушар" РМК СҚОФ директоры Шұғайып Ибатуллиннің айтуынша, осы кезеңде Сергеев және Петропавл су тораптары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда, автожолдағы көпірлердің жекелеген конструкциялары апатты жағдайда. Осыған байланысты өзге баламалы жолдар арқылы көлік ағынын қайта бағыттау мәселелері қарастырылуда. Жалпы, өңірде су тасқынына бейім 87 елді мекен есепке алынды. 24 қаңтардан бастап облыс күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды, 26 наурыздан бастап Жедел штаб жұмылдырылды.
Өздеріңіз көріп отырғандай, еліміздің бірқатар өңірлерінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны орын алды. Барлық күштер жұмылдырылды. Республикалық және өңірлік жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы күштері мен құралдары - барлығы 4 мыңға жуық адам, 1,3 мыңнан астам техника су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды. Жол қатынасы қиын жерлерде адамдар тікұшақтармен эвакуациялануда. Жұмыстар қауіп толық сейілгенше жалғасатын болады. Жағдай қатаң бақылауда. Зардап шеккендерге Үкімет және әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов СҚО-ның ірі кәсіпорындарын аралады
Біз жаңа өндірістерді игеріп жатырмыз. Атап айтқанда, электромобилдерге арналған қуаттағыштарды шығаруды жоспарлап отырмыз. Тағы бір тың жоба - арнаулы мекемелерде орнатылған антивандалды телефондар. Компьютерлік технология нарығында бәсекелесу қиын болғанымен біз барынша тырысып келеміз. Өткен жылы 4 мыңға жуық компьютер сатылды", - деді Премьер-Министрге С.М. Киров атындағы зауыттың бас директоры Алмаз Нұрмағамбетов. Ол сондай-ақ өндірістік қуаттарды одан әрі арттыру жоспарлары туралы хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Локализациялау деңгейі жоғары әскери мақсаттағы өнімдерді өндіру циклін құру импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорынның мүмкіндіктерін теміржол және мұнай-газ саласындағы қажеттіліктерді қамту үшін пайдалану керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Үкімет отандық зауыттардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қолдау шараларын қабылдауда.
РимҚазАгро" ЖШС қағаз өнімдері зауытында Олжас Бектеновке макулатураны қайта өңдеудің белгіленген циклі көрсетіліп, кластерді одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндалды. Фабрика 30-дан астам өнім түрін шығарады, олар еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіліп, сондай-ақ Ресейге де экспортталады. Кәсіпорын алдына халық тұтынатын тауарлардың экспортын ұлғайтып, ішкі нарықтағы үлесті әрі қарай ұлғайту міндеті жүктелді. Мемлекет пен отандық бизнестің белсенді ынтымақтастығының жаңа түрлері қарастырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ІІМ Қостанай академиясының жаңа басшысы таныстырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы ақпараты шындыққа жанаспайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде көлеңкелі экономика деңгейін 2025 жылға қарай 15 пайызға дейін төмендету жоспарлануда
Самұрық-Қазына" қорының құқықтық қамтамасыз ету, қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Николай Казутин атап өткендей, Қор компанияларының бәсекелестік сатып алуларға міндетті қатысуы бөлігінде "Самұрық-Қазына" қоры сатып алу рәсімін өзгертуге ынталы, бұл сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге бәсекелестіктің және дұрыс баға белгілеу саясатын нығайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен қала құрылысына жаңа талаптар енгізіліп жатыр
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын талқылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
25.03.2024, 14:07ҚР Көлік министрлігінің басшысы Қытай тарапымен екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады 26.03.2024, 18:22 45221Батыс Қазақстанда уәкілетті экономикалық оператордың құқықтары қорғалды26.03.2024, 18:15 45186Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды25.03.2024, 21:31 45071Қарым-қатынастың жаңа дәуірі: Астанада Кипрдің елшілігі ашылады24.03.2024, 21:55 41676Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде
20.03.2024, 21:43 129726Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді06.03.2024, 20:30 120466Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде20.03.2024, 12:12 117161ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты20.03.2024, 12:29 116911Қазақстанда бизнес үшін жаңа бірыңғай цифрлық жүйе құрылады20.03.2024, 12:19 116881Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді