01.03.2018, 14:27 5461

"Нұр Отан" партиясы шағын және орта бизнес саласына айтарлықтай қолдау көрсетпек

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасына орай "Нұр Отан" шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған жаӊа жобаны қолға алмақ

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев Алматы қаласына барды. Сапар барысында ол бірқатар әлеуметтік нысандардыӊ жұмысымен танысып, партияныӊ қалалық активімен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, сондай-ақ, жастармен кездесті.

Илеуметтік сала

Елбасыныӊ партия қызметін жаӊғырту жөніндегі тапсырмасына орай әлеуметтік бағыттағы жұмыс барысын одан әрі күшейту көзделіп отыр. Соған байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге және халықтыӊ аз қамтылған тобына қолдау көрсетуге бағытталған барлық партиялық жобалар қайта қаралып, олардыӊ өзектілігі арта түспек. Еӊ басты мақсат - бұл жобаларды партиялық қолдау көрсетудіӊ мейлінше тиімді құралына айналдырып, сол арқылы халыққа нақты әрі айтарлықтай пайда әкелу.

Сапар аясында Мәулен Ишімбаев Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған күндізгі орталықбөлімдерініӊ біріне арнайы ат басын бұрды. Аталған бөлім "Кедергісіз келешек" партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында"Нұр Отанныӊ" тікелей бастамасымен және қолдауымен ашылған болатын. Бүгінде мұнда 30 бала жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді тегін алып келеді. Жалпықала бойынша 200 балаға қызмет көрсетіп отырған осындай 3 бөлім жұмыс істейді. Таяуда Жетісу және Наурызбай аудандарынан тағы 2 бөлім ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары балаларды оӊалту және бейімдеу жұмыстары жүргізілетін арнайы кабинеттерге бас сұқты. Аталған медициналық мекеме қызметкерлерімен кездескен Мәулен Ишімбаевмұндай осы саладағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Өз сөзінде ол алдағы уақытта партия ерекше қажеттілігі бар жас қазақстандықтарды қолдауға айрықша көӊіл бөлетінін жеткізді. Жүздесу соӊында балаларға "Нұр Отан" партиясыныӊ атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Ал Орталыққа қазіргі заманғы "Дэльфа" логопедті жаттығу құралытарту етілді. Бұл жаттығу құралыныӊ көмегімен кейбір балаларда кездесетін түрлі сурдологопедті мәселелерді оӊтайлы шешуге мүмкіндік бар. "Дельфаныӊ" көмегімен дыбыстан бастап мәтінге дейінгі кез келген сөйлеу бірліктерімен жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ, сөйлеген кездегі демді түзеуден сөздіӊ лексикалық-грамматикалық жағын дамытуға дейінгі әртүрлі логопедті тапсырмаларды орындауға және дұрыс сөйлеуді ойын жағдайында үйретуге барлық мүмкіндік қарастырылған.

Шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау

Алматы қаласындағы базарларды шаһардыӊ сәні мен сәулетіне сай ету, халыққа жайлы жағдай жасау, санитарлы-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ, сауда-саттықтағы көлеӊкелі экономиканыӊ алдын алу мақсатында сауда орындарын жаӊғырту жұмыстары қолға алынғаны белгілі. Соған сәйкес базарларды қазіргі заманғы талаптарға сай сауда орындарына айналдыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазірдіӊ өзінде 16 базар осындай жаӊғытудан өткізілді. Нәтижесінде жаӊа сауда алаӊдарында 20 мыӊнан астам кәсіпкер мен 25 мыӊ адамды жұмыспен қамтуға жағдай жасалған.

Сапар барысында партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Алматыдағы еӊ ірі сауда-ойын-сауық орталықтарыныӊ бірінде болып, қаланыӊ шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Кәсіпкерлермен еркін пікір алмасып, осы саланы одан әрі дамытудыӊ қыр-сырын талқылаған Мәулен Ишімбаев жақын арада партия тарапынан шағын және орта бизнес саласына айтарлықтай қолдау көрсетілетінін айтты. Нақты айтқанда, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасына орай "Нұр Отан" шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған жаӊа жобаны қолға алмақ.

- Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестіӊ ішкі жалпы өнімдегі үлесін 50 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Елбасы саясатыныӊ басты қолдаушысы ретінде "Нұр Отан" партиясы да бұл тапсырманы жүзеге асыруға белсене қатысуы керек. Кәсіпкерлерді қолдап, олардыӊ мүддесін қорғау - партиямыздыӊ басты міндеттерініӊ бірі болуы тиіс. Өйткені олардыӊ қатарында біздіӊ саяси ұйымныӊ жақтастары мен мүшелері өте көп, - деді Мәулен Ишімбаев.

Ел ертеӊі- білімді жастар

"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары оӊтүстік астанамыздыӊ жастарымен де арнайы кездесіп, әртүрлі тақырыпта әӊгіме өрбітті. Кездесу SmArt.Point коворкинг-орталығында өтті. Аталған орталық түрлі стартаптарды жүзеге асыратын орын ретінде де белгілі. Бұл жер аптаныӊ жеті күнінде тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Мұнда сөйлесу бөлмелері, ойынға арналған орындар және спорт залы бар. Сондай-ақ, 50 адамға дейін еркін сыятын, жанға жайлы, барлық қажетті техникалармен және жиһаздармен жабдықталған конференц-залдары да жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Кездесуде Мәулен Ишімбаев Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ел жастарыныӊ жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасап отырғанына назар аударды. Өз кезегінде жас қазақстандықтардыӊ да еліміздіӊ дамуына үлкен үлес қосып отырғаны, әсіресе олардыӊ қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі әӊгімеге арқау болды.

Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары жас өнертапқыштар мен инноваторларды Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес "Нұр Отанныӊ" ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы дәстүрлі республикалық инновациялық жобалар байқауына қатысуға шақырды. Осы ретте "Нұр Отанныӊ" жыл сайын жас өнертапқыштарға өз жобаларын жүзеге асыру үшін арнайы жүлде тағайындайтынын айта кеткен жөн. Мәулен Ишімбаевтыӊ айтуынша, жуырда партия инновацияны қолдауға бағытталған тағы бір жобаны қолға алып, отандық ғалымдардыӊ жұмысына тыӊ серпін бермек.

Жастармен кездесу барысында партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары алда болатын "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ съезіне де тоқталды. Оныӊ сөзіне қарағанда, бұл съезд еліміздегі жастар саясатына жаӊаша қарқын беретін ірі іс-шара болады деп күтілуде.

"Нұр Отан" - "қайта жүктеу"

Сапар соӊында Мәулен Ишімбаев Алматы қаласыныӊ әкімі, партия қалалық филиалыныӊ төрағасы Бауыржан Байбек бастаған шаһардыӊ партиялық активімен кездесті.

"Нұр Отан" партиясыныӊ Алматы қалалық филиалы 750 бастауыш партия ұйымдарыныӊ басын біріктіретін, 80 мыӊнан астам партия мүшесі бар ірі партиялық құрылым.

Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары филиалда жаӊадан ашылған Office of political analysis кеӊсесініӊ жұмысымен танысты. Бұл жерде сараптамалық ресурстарды, әртүрлі болжамдарды және үлгілеулерді жедел басқаруға, олармен жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, Мәулен Ишімбаев "Нұр Отан" партиясыныӊ алғашқы мультимедиалық музейінде болды. Музей бар болғаны 10 шаршы метр аумақты қамтиды. Оныӊ басты ерекшелігі де осы. Мұнда алдыӊғы қатарлы цифрлы технология кеӊінен қолданылған. Соныӊ арқасында келушілер арнайы LED-экраннан Елбасы, партия Төрағасыныӊ өмірбаянын тамашалай алады. Одан бөлек, музейде дәстүрлі сөрелердіӊ орнына интерактивті панельдер (multi-touch-screen)орнатылғаны да айтуға тұрарлық бастама.

Қалалық партия активімен кездесуде Мәулен Ишімбаев Елбасыныӊ партия қызметін жаӊғырту және "Нұр Отанды" ауқымды "қайта жүктеу" туралы тапсырмасы туралы кеӊінен айтып, оны жүзеге асырудыӊ басым бағыттарын ұсынды. Олардыӊ қатарында кадрлық аудит, сараптамалық ресурстарды нығайту, партиялық білім беруді жетілдіру сияқты бірқатар игі бастамалар бар.

- Елбасы біздіӊ алдымызға "Нұр Отанды" ХХІ ғасырдыӊ талаптарына сай заманауи, тиімді, жоғары технологиялы партияретінде қайта қалыптастыруды міндет етіп қойып отыр. Қазірдіӊ өзінде оны жүзеге асырудыӊ нақты тетіктерін айқындап алдық. Біз енді шынайы әрі нақты нәтижелер үшін ғана жұмыс істейтін боламыз, - деді "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны