08.07.2014, 20:40 2887

"Нұр Отан" партиясында 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жобасы таныстырылды

Бүгін "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратындағы жұмыс тобының отырысында 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы жобасы таныстырылды.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Бүгін "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратындағы жұмыс тобының отырысында 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы жобасы таныстырылды.

"Бұл оңай мәселе емес. Жемқорлыққа қарсы күреске қазіргітаңда барлық қоғам мүдделі болып отыр. Бұл мәселенің айтымаған жері мен қаралмаған қыры қалмады. Бұл саяси партияның күн тәртібінен түспейтін мәселесі", - дейді "Нұр Отан" партиясы жетекшісінің бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар ол бағдарламаның басты қағидаларының бірі ретінде жемқорлыққа қарсы күрес емсе, соның себебі мен алғышарттарын жою шаралары екенін атады. Сол үшін әлемдік тәжірибеге негіздей отырып отандық заңнаманы жетілдіру керектігі айтылды.

"Біз арнайы пошта мекен-жайын құрдық. Онда кез келген адам өзінің өтініші мен ұсынысын тастай алады. Барлық пікірлер мен ескертулер сараптамадан өтіп, ешбірі де қараусыз қаодырылмайды. Кейін бағдарламаны дайындаушы жұмыс тобының талқылауына салынады", - дейді Б.Байбек.

Оныңа айтуынша, бағдарлама жемқорлыққа қарсы жалпыхалықтық күрес жариялуаға бағытталған. Жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті мен қоғаммен кеңінен араласу шараларына ерекше көңіл аударылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2050 Стратегиясының мақсаттарына жетудің басты шарттарының бірі мемлекет пен бизнесті жемқорлыққа қарсы жұмылдыру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны