05.10.2015, 17:54 3952

"Нұр Отан" партиясыныӊ жемқорлыққа қарсы Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 15 қазаннан бастап білім және денсаулық сақтау мекемелері қаржылық есептерін жариялауды бастайды

Бүгін Алматы әкімі, "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалыныӊ төрағасы Бауыржан Байбек қалалық филиалдыӊ Саяси кеӊесі Бюросыныӊ кеӊейтілген мәжілісінде осылай деді. Бұл істі жүзеге асырудыӊ арнайы кестесі де жасалып қойылған

Алматы. 06 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі, "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалыныӊ төрағасы Бауыржан Байбек қалалық филиалдыӊ Саяси кеӊесі Бюросыныӊ кеӊейтілген мәжілісінде осылай деді. Бұл істі жүзеге асырудыӊ арнайы кестесі де жасалып қойылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы жасалған өӊірлік жоспарды жүзеге асыру және денсаулық сақтау мен білім беру салаларында мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық жүргізу жөнінде мәселе қаралды, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

"Өздеріӊіз білесіздер, осы жылдар ішінде ҚР Президенті, біздіӊ партияныӊ Жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басшылығымен жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мысалы, әлемдік озық тәжірибе негізінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді. Қызметкерлер саны 8 есе азайды. Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша Саяси кеӊестіӊ кеӊейтілген мәжілісінде 2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы күрестіӊ Бағдарламасы жасалды. Демек,бүгінгі күні біздіӊ қолымызда жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізудіӊ барлық құралдары бар" - деп атап өтті Б.Байбек мәжіліс барысында.

Кеӊейтілген мәжілісте партияныӊ Алматы қалалық филиалы Саяси кеӊесініӊ мүшесі, қала әкімініӊ орынбасары, білім және денсаулық сақтау салаларыныӊ жетекшісі Зәуре Аманжолова баяндама жасады.

"Қоғамда жиі көтерілетін көкейкесті мәселеніӊ бірі - мектептерде ата- аналардан мәжбүрлі түрде ақша жинау. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін білім беру ұйымдарында ақша жинауға қарсы шаралардыӊ жоспары жасалып, бекітілді"-, деді З.Аманжолова.

Осыған орай "Нұр Отан" партиясы АҚФ-ныӊ төрағасы Б. Байбек қалалық филиалдыӊ рөлі мен мәніне тоқталып өтті.

"Жемқорлық көріністеріне тек денсаулық сақтау мен білім беру салаларында ғана емес, барлық мемлекеттік органдарда жол бермеу керек. "Hұp Отан" партиясы жемқорлық жолдарын жиі сараптап, бұл істе өзініӊ жетекші рөлін күшейткені жөн. Мемлекеттік органдар сынға жедел ден қойып, жемқорлық көріністерін болдырмаудыӊ қажетті шараларын қабылдаулары тиіс", - деді әкім.

Бұлардан өзге қала басшысы мемлекеттік қызмет көрсетуде есеп беру мен ашықтықты қамтамасыз етудіӊ концептуалды әрі пәрменді шараларын жасауды, оны тиімді қолдануды тапсырды. Мысалы, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған "100 нақты қадам" Ұлттық жоспарын жүзеге асыруда әкім мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ-ты қатыстыра отырып, Халықаралық тәжірибені пайдалануды ұсынды.

"Мемлекеттік қызмет көрсету әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс. Алматылықтар белгілі нысанды ұстап тұру үшін қанша қаражат бөлінгендігін, оныӊ кірісі мен шығысын білулері тиіс. Болашақта әкімдіктіӊ құзырына қарайтын барлық бюджеттік ұйымдар көпшіліктіӊ алдында жүзеге асырған істері туралы жариялы түрде есеп беретін болады", - деді әкім.

Шара соӊында бір ай ішінде Жемқорлыққа қарсы жаӊартылған өӊірлік жоспарды жасау жөнінде шешім қабылданды. Оныӊ жүзеге асуына партияныӊ қалалық филиалы мен мемлекеттік қызмет жөніндегі Департамент тоқсан сайын бақылау жасайтын болады.

Ақпараттық хабарлама:

Жалпы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында үлкен жұмыстар атқарылуда. ҚР Президентініӊ қолдауы арқасында аталған салалар тұрақты дамып келеді. Жаӊа мектептер, ауруханалар, бала бақшалар көптеп салынуда. Мұғалімдер мен дәрігерлердіӊ жалақылары да өсуде. Мысалы, тек Алматы қаласында ғана соӊғы үш жыл ішінде білім жүйесініӊ бюджеті 10 млрд.теӊгег артып, 54,4 млрд. теӊгені құрады. Бүгінгі күні "Балапан" бағдарламасыныӊ бюджеті екі есе ұлғайып, 1,5 млрд. теӊгеге жетті.Қалада мектеп жасына дейінгі балалар мекемесініӊ жүйесі 95 бірлікке артты.Мектептердіӊ материалдық -техникалық базасы ұдайы жаӊартылуда. Алматыныӊ барлық мектептері интерактивті тақталармен жабдықталған. Келер жылдан бастап мұғпалімдердіӊ жалақысы 44% -ға өседі.

Соӊғы үш жылда республикалық бюджетті қоса есептегенде, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 23% -ға артып, 69 млрд. теӊгеге жетті.

7 нысан іске қосылды, тағы 6 салынуда. Денсаулық сақтау ұйымдары жоғары технологиялы заманауи қондырғылармен жабдықталуда.

Дәрігерлердіӊ жалақысы 140 мыӊ теӊгеге дейін, орта медқызметкерлер жалақысы 111 мыӊ теӊгеге дейін өскен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны