27.01.2021, 19:20 16769

"Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастайды

Карантиндік шараларға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн пішінде ұйымдастырылатын болады.
Нұр-Сұлтан. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Карантиндік шараларға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн пішінде ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Nur Otan" партиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Атап айтқанда, 3 ақпанда – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 5 ақпанда – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 19 ақпанда – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, 24 ақпанда – Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, 25 ақпанда – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және 26 ақпанда – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды.
 
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек:
 
1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін); 
 
2. WhatsАpp: 8700 800 4441;
 
 

Айта кету керек, өткен жылы "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны