15.01.2014, 19:29 3428

"Нұр Отан" шағын және орта бизнесті дамытуды қолдауға арналған бірқатар құжаттарды әзірледі - А. Соловьева

Партия өзінің сайлауалды платформасында дәл осы мәселе (ШОБ дамытуға) бойынша нақты міндеттер алды. Партияда кураторлық институты құрылды. Бұл бірнеше бағытты қарастыратын жаңа институт. Сайлауалды платформада берілген партияның барлық уәделерін біз индикаторлар жүйесі арқылы бағалайтын боламыз, деді ол.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Астанада өткен ОКҚ брифингінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясының Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кураторы Айгүл Соловьева кәсіпкерлікті дамыту сегментіндегі жағдайды бақылауға арналған индикаторлар туралы баяндады.

"Партия өзінің сайлауалды платформасында дәл осы мәселе (ШОБ дамытуға) бойынша нақты міндеттер алды. Партияда кураторлық институты құрылды. Бұл бірнеше бағытты қарастыратын жаңа институт. Сайлауалды платформада берілген партияның барлық уәделерін біз индикаторлар жүйесі арқылы бағалайтын боламыз. Атап айтқанда, ШОБ дамыту үшін біз осындай индикаторлардың 3 деңгейін белгіледік. Олардың біреуі жаһандық сипатқа ие - бұл әлемдік қауымдастықта және ұлттық деңгейде қабылданған өлшем - ІЖӨ құрылымында ШОБ үлесінің қандай болатындығы", - деді А. Соловьева.

Бұл индикатор оның айтуынша, бизнес өзінің лайықты орнын алуы үшін біздің оған қандай жағдай жасағанымыздың көрсеткіші болмақ.

"Екінші, бұл ағымдағы сипаттағы индикаторлар, олар біздің елімізде қазір қолданылып жүрген бағдарламаларды түзетіп, оларға ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Оның айтуынша, үшінші индикатор - бұл кіріктірілген индикатор. Ол арқылы бизнестің қаншалықты белсенді дамуда екенін түсінуге болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны