15.05.2014, 23:16 19018

"Нұр Отан" жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама әзірлеуде

Бүгін "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен "Нұр Отан" партиясының Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен "Нұр Отан" партиясының Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті.

"Нұр Отан" 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы жаңа іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуде. Жемқорлыққа қарсы жаңа іс-қимыл бағдарламасының жаңа жобасы заңнаманы жетілдіру, жемқорлық әрекеттердің алдын алу, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, жемқорлықпен күресте азаматтық қоғам институттардың қатысу мүмкіндігі мен Қазақстанның көпшілік мақұлдаған халықаралық актілерге қосылуын заңнамалық қамтамасыз ету салаларындағы жұмыстарды қамтиды, деп "Нұр Отанның" баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламаның жаңа жобасында мемлекет пен азаматтардың тең әріптес ретінде сапалық тұрғыдан жаңа сипаттағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру жөнінде қоғаммен, азаматтық сектормен ынтымақтастығына ерекше назар аударылып отыр.

Бағдарлама шеңберінде "Нұр Отан" партиясының "Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" жылсайынғы баяндамамалары, сонымен қатар нақты нәтижелер бойынша есептері тәжірибесін енгізу ойластырылып отыр.

"Қолымызда қажетті мүмкіндіктердің барлығын, кадрлық, ұйымдастырушылық ресурстардың жеткілікті екендігін атап өткен жөн. Мемлекетте, қоғамда қажеттілік туып отырғанда коррупцияға ымырасыздықтың қоғамдық санаға дендеуі үшін ұзақмерзімді және белгілі бір мақсатқа негізделген нақты бағдарлама бойынша жүйелі түрде жұмыс жасауымыз керек", - деп атап өтті жұмыс тобының отырысы барысында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны