03.04.2014, 20:22 3451

"Нұр Отанның" орталық аппаратында медицина мамандарына шеберлік сабақтары өткізілуде

Шеберлік-сабақтары медициналық-әлеуметтік сарапшылыр комиссиясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мамандарының біліктілігін арттыруға арналған, деп партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Астанада "Кедергісіз келешек" бағдарламасы шеңберінде "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында "Otto Bock" неміс концерні мамандарының қатысуымен жеке оңалту техникалық құралдарын таңдау бойынша шеберлік-сабақтары өтуде. Шара "Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы" РҚБ бастамасымен "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Шеберлік-сабақтары медициналық-әлеуметтік сарапшылыр комиссиясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мамандарының біліктілігін арттыруға арналған, деп партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алғаш рет бұл мамандар болашақта адамға мобильді, тәуелсіз және жұмысқа қабілетті болуына көмектесетін дұрыс оңалту құралдарын таңдауға үйретілуде.

"Кресло-арбаларды беру барысында кемтар жандардың жеке қажеттіліктері ескерілмейді. Бүгін пилоттық жоба жүзеге асырулуда, алдағы уақыта оның еліміздің барлық бөлігінде жүзеге асыру жоспарлануда. Ол үшін аталмыш шеберлік-сабақтарына барлық өңірдің мамандары қатысқаны жөн", - деп "Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы" РҚБ президенті Жанат Омарбекова мәлім етті.

Айта кетерлік жайт, шеберлік-сабақтардың жұмысына Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары әкімдерінің мүгедектер ісі бойынша кеңесшілері, медициналық-әлеуметтік сарапшылыр комиссиясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері және емханалардың әлеуметтік мамандары мен балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелердің терапевт дәрігерлері атсалысуда.

Немістің "Otto Bock" протезді-ортопедиялық концерн - әлемде протезді-ортопедиялық заттарды және оңалту құралдарын өндіру бойынша көш бастап тұр. Компанияның бұл нарықта жұмыс істегеніне 90 жылдан асып жығылады. Топ фирмасының басты кәсіпорны Германияда (Дудерштадт қ.) орналасса, еншілес кәсіпорындары әлемнің 35 мемлекетінде бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны