13.03.2007, 18:53 3289

"Нұрбанк" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

АЛМАТЫ. 13-наурыз. Kazakhstan Today. "Нұрбанк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасының орынбасары Жолдас Теміралиевке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінен хабарлады.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, Жолдас Теміралиевке қатысты 12-наурызда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағы (алаяқтық) мен 220-бабының 1-тармағы бойынша (банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, осы қылмыстық іс аясында 12-наурызда Жолдас Теміралиевке іздеу жариялау туралы қаулы шыққан. "Оны бір ай бойы Қазақстан аумағында іздейді. Егер ол осы уақыт ішінде табылмаса, онда автоматты түрде халықаралық іздеу жарияланады",- деп түсіндірді Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны