05.02.2007, 10:13 3100

Нұрбанкке жасалған шабуылды тексеру барысында полицияның бірнеше жоғары лауазымды қызметкері тұтқындалды - ақпарат көзі

АЛМАТЫ. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Нұрбанктің Алматыдағы бас кеңсесіне жасалған шабуылды тексеру барысында полицияның бірнеше жоғары лауазымды қызметкері тұтқындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне құқық қорғау органдарындағы сенімді ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазір Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының жетекшісі Наурызбай Қадырқожаев пен Алматы қалалық ІІД төрағасының орынбасары Нұрлан Самалихов қамауға алынды. Сонымен бірге, белгілі ақпаратқа сәйкес, қазіргі жағдаймен Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының оншақты қызметкері отставкаға кету туралы рапорт берген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31-қаңтар, сәрсенбіде Достық көшесі ,38-үйде орналасқан Нұрбанктің кеңсесіне қарулы адамдар тобы шабуыл жасады. Шабуылшыларды банктің күзетшілері залалсыздандырып, құқық қорғау органдарына табыстады. Артынан белгілі болғанындай, банкке шабуыл жасағандар - Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының штаттағы қызметкерлері болып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны