17.09.2007, 18:24 2925

"Нұрбанктің" бұрынғы басшыларын ұрлау туралы іске қатысты екі күдікті өз айыптарын мойындай келді - ІІМ

"Нұрбанктің" бұрынғы басшыларын ұрлау туралы іске қатысты екі күдікті өз айыптарын мойындай келді.

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Нұрбанктің" бұрынғы басшыларын ұрлау туралы іске қатысты екі күдікті Сергей Кошлай мен Айдар Бектібаев Венадан Қазақстанға өз еріктерімен қайтып, Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне айыптарын мойындай келді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Қожахметов хабарлады.

"Бүгін іздеуде жүрген екі күдікті Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай Қазақстанның құқық қорғау органдарына жүгініп, тергеуге өз еріктерімен көмектесуге ниеттерін білдірді",- деп хабарлады Б. Қожахметов. Ол, "тергеудің аталмыш азаматтардан айыптарын мойындай келуін қабылдады",- деп атап өтті.

"Олар Қазақстанға өздерінің жеке байланыстары мен оперативтік тәжірибелерін пайдаланып келгендіктерін айтуда. Мұның егжей-тегжейін тергеу анықтайды. Тергеу олармен әлі жұмыс істеген жоқ",- деп хабарлады Б. Қожахметов.

Ол, тергеу барысында өз еріктерімен ынтымақтастық танытпақ болғандығына қарамастан Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай қамауда отырғандығын атап өтті. "Оларға жарияланған іздеуді ешкім тоқтатқан жоқ, санкцияны ешкім өзгерткен жоқ, сондықтан да олар қамауда отыр",- деп түсіндірді Б. Қажахметов. Ол сондай-ақ "қазіргі уақытта олар іс бойынша күдікті ретінде қаралады және де Алматы қаласының ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамалған", деп қосты.

Б. Қажахметов сондай-ақ, "оқиғаны маңызын ескере отырып және түрлі қауесеттерге жол бермеу үшін , сонымен қатар Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлайдың өтініштері бойынша тергеу оларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жүгіну мүмкіндігін ұсынды", деп хабарлады.

Брифинг кезінде сөз сөйлеуге мүмкіндік берілген Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай өз кезектерінде журналистер алдында, "отандарына өз еріктерімен келгендіктерін, тергеудің барлық сұрақтарына жауап беруге дайын екендіктерін" мәлім етті. "Біз сондай-ақ өзіміздің Рахат Мұхтарұлы Илиевтің қарамағынан өз еркімізбен шыққандығымызды мәлім етеміз. Біз сіздерден бұл мәлімдемені жауапкершіліктен жалтару ретінде емес, ата-аналарымыздың, әйелдеріміз бен балаларымыздың, туған-туыстарымыздың, әріптестеріміз бен достарымыздың көзіне тура қарау үшін, өзіміздің адал атымызды қорғап қалу мүмкіндігі ретінде қарауларыңызды сұраймыз",- деп мәлім етті журналистерге Айдар Бектібаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны