17.07.2017, 19:47 4658

Нұрлан Ермекбаев аса ауыр қылмыс жасағаны үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігін қарастыратын заӊнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме берді

Туған жерін тастап, шетелге террористік құрылымдарға қатысуға кеткен адамдар Отанына опасыздық жасағандарға теӊеледі.

Астана. 17 шілде. Kazakhstan Today - Дін мәселелері бойынша өткен семинар барысында Дін істері азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н. Назарбаев "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясыныӊ нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊға уақытылы қол қойғанын хабарлады. Оған сәйкес террористік және басқа да аса ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтар азаматтығынан айрылады.

Бүгінгі таӊда шетелде лаӊкестер лагерінде Қазақстанныӊ 500 азаматы бар.

Қазіргі таӊда сирия-ирак аймағында террористік топтар үшін жағдайдыӊ қиындап жатқанын білеміз. Қылмыскерлер шегіну жолдарын, соныӊ ішінде өздерініӊ бұрынғы тұрған жерлеріне қайту мүкіндіктерін іздестіруде. Алайда, бұл олардыӊ қылмыстық пиғылдарынан бас тартқанын білдірмейді.

Сондықтан, қазақстандықтардыӊ ішінен шыққан осындай адамдар қылмыстық тәжірибе жинақтап, елімізге арам ниет-оймен оралуы мүмкін. Осыған орай, жаӊа толықтыруларда азаматтықтан айыру мүмкіндігі қарастырылуда.

"Мәселе терроризм актілерін, террористік топтарды құру және басқару және оныӊ қызметіне қатысу, сондай-ақ республикамыздыӊ ұлттық және өмірлік маӊызы бар мүдделеріне аса ауыр зиян келтіру туралы болып отыр. Сот істіӊ мән-жайын, жасаған әрекетініӊ ауырлығын, келтірген зардаптарын толық зерделеу негізінде ерекше жағдайларда ғана азаматтығынан айырады" - деп нақтылады министр.

Туған жерін тастап, шетелге террористік құрылымдарға қатысуға кеткен адамдар Отанына опасыздық жасағандарға теӊеледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны