23.12.2017, 15:48 5281

Нұрлан Ермекбаев Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесті

Кездесу барысында діни қызмет саласындағы заӊнама нормаларын тұрғындар арасында түсіндіру және діни радикализмге қарсы бірлескен жұмысты жандандыруға қатыстыуәкілетті орган мен ҚМДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесу өткізді.

Кездесу барысында діни қызмет саласындағы заӊнама нормаларын тұрғындар арасында түсіндіру және діни радикализмге қарсы бірлескен жұмысты жандандыруға қатыстыуәкілетті орган мен ҚМДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Нұрлан Ермекбаев радикалды діни ағымды ұстанушылармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізудіӊ жаӊа механизмін жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

"Теріс діни ағымдар қызметіне тосқауыл қою - дін саласындағы саясатымыздыӊ маӊызды бағыты. Елбасы айтқандай, біз кез-келген діни радикализмге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруымыз керек. Бұл үлкен жауапкершілік арттырады", - деді министр.

Сонымен қатар, кездесуде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім аясында бірлескен жұмыстыӊ жалғасын табатындығы айтылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, имамдарды даярлау деӊгейін көтеру, діни ғимараттардыӊ құрылысын салуда және кадрлық саясатта жүйелі және ойластырылған жұмыстыӊ қажеттігі аталды.

Кездесу қорытындысында тараптар еліміздегі діни тұрақтылық пен келісімді сақтаудағы жұмыстарды жандандыруда бірлескен іс-қимылдыӊ ерекше маӊызды екенін атады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны