12.12.2017, 18:00 7609

Нұрлан Ермекбаев исламофобия туралы пікір білдірді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осы күндері Абу-Дабиде өтіп жатқан мұсылман қоғамында бейбітшілікті нығайту бойынша "Илемдік бейбітшілік және Исламофобия" тақырыбындағы IV халықаралық форумға қатысты.

Астана. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осы күндері Абу-Дабиде өтіп жатқан мұсылман қоғамында бейбітшілікті нығайту бойынша "Илемдік бейбітшілік және Исламофобия" тақырыбындағы IV халықаралық форумға қатысты.

Форумныӊ мақсаты -исламофобияныӊ мазмұны мен себептерін және дін саласында болып жатқан процесстерді ой елегінен өткізу, Ислам дінініӊ бұрмалануын болдырмау, сондай-ақ толеранттылық, бейбітшілік пен әділеттілік мәдениетін насихаттау болып саналады.

"Біз мұсылмандар, исламофобияға қарсымыз, бірақ біз бұл үшін жауапкершіліктіӊ бір бөлігі өзімізде жатқандығын мойындауымыз керек. Бұл жерде діни фанатиктер мен провакаторларға жоғары рухани құндылықтарды тәрбиелеудіӊ орнына,өздерініӊ радикалды көзқарастары мен тәсілдерін таратуға мүмкіндік беріп қойғандығымыз туралы айтып отырмын", - деді Н. Ермекбаевфорум аясында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ,министрҚазақстанныӊ мәдениеттер мен діндерді жақындастыру және халықтардыӊ тұрақтылығы мен өзара түсіністігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты дамытудағыҚазақстан басшысыныӊ бастамалары туралы айтты.

"Қазақстан Президентініӊ жаһандық бастамалары қатарында 2003 жылдан бері біздіӊ елордамыз - Астана қаласында үш жылда бір рет өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ съездерін өткізу ерекше орын алады. Бұл халықаралық форумныӊ мақсаты - жаһандық және өӊірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерініӊ бірі ретінде мәдениеттер мен өркениеттер диалогын дамыту. Осы жылдар ішінде қазақ жерінде дәстүрлі діндердіӊ 5 рет сьезі өткізілді, және оныӊ аясында аса маӊызды құжаттар қабылданды", - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Айта кетейік, форум жұмысына бүкіл әлемніӊ 500-ден астам беделді діни қайраткерлері, танымал теологтар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Форум делегаттарын Ибу-Дабидіӊ мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Ил Нахаян қабылдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны