02.02.2018, 14:04 7939

Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ Тұрақты Өкілімен кездесті

Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура бастаған делегациямен кездесті.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура бастаған делегациямен кездесті.

Сондай-ақ, делегация құрамында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты Өкілініӊ орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Орта Азия бойынша БҰҰ Еріктілер Бағдарламасыныӊ үйлестірушісі Дмитрий Фрищин, БҰҰ Даму бағдарламасы Тиімді басқару департаментініӊ директоры Константин Сокульский болды.

Кездесу барысында министр Н.Ермекбаев БҰҰ Даму бағдарламасымен конструктивті ынтымақтастық орнатудыӊ өзектілігін, сондай-ақ тұрақты түрде өткізілетін кеӊестер мен байланыстардыӊ айрықша маӊыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек министр ведомстваныӊ дін, азаматтық қоғам саласындағы қызметі, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы баяндады.

Тараптар БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ жастар саясаты, азаматтық қоғам және радикалдық экстремизмге қарсы іс-қимыл салалары бойыншақолға алған жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура кездесуге қатысушыларды БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ "Орта Азиядағы зорлық-зомбылық бағыттағы экстремизмніӊ алдын алу мақсатында жергілікті қауымдастықтардыӊ тұрақтылығын нығайту мен трансшекаралық ынтымақтастық" және "Адам капиталын дамыту үшін тұрғындарды волонтерлық қызметке тарту және азаматтық қатысуды нығайту" жобаларыныӊ міндеттері мен іске асыру тетіктері туралы айтып берді.

Ынтымақтастықтыӊ перспективалық бағыттарын талқылағаннан кейін тараптар жастар арасындағы экстремизмніӊ алдын алу, сондай-ақ халықты волонтерлық қызметке тарту мәселелерін шешу жолында тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны