31.01.2018, 17:14 7911

Нұрлан Ермекбаев Мәжіліс депутаттарына дін саласындағы заӊ жобасын таныстырды

ҚР Парламентініӊ Мәжілісінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасыныӊ таныстырылымы өтті

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - 29 қаӊтар күні ҚР Парламентініӊ Мәжілісінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасыныӊ таныстырылымы өтті.

Таныстырылым барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев заӊ жобасыныӊ негізгі ережелерін түсіндірді.

Министр өз сөзінде заӊ жобасын әзірлеудіӊ мақсаты мемлекеттік-діни қатынастарды жетілдіру, діни қызмет субъектілерініӊ құқықтары мен міндеттерін айқындау, сондай-ақ дін саласын реттеу болып табылады. Заӊ жобасы аясында 12 нормативтік заӊнамалық актілерге 53 өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделгенін атап өтті.

"Заӊ жобасыныӊ еӊ маӊызды нормалары дінді деструктивті мақсаттарда пайдаланудыӊ кез-келген мүмкіндіктерін болдырмауға, және мемлекеттік органдардыӊ құзыреттілігін кеӊейтуге және діни бірлестіктердіӊ қызметін жеӊілдетуге бағытталған", - деді Н. Ермекбаев.

Заӊ жобасында қоғамдық орындарда адамныӊ бет-бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюге, деструктивті діни ағымдарға жататын киім түрлерін және сыртқы атрибуттарды қоғамдық орындарында қолдануға тыйым салуды көздейтін бірқатар нормалар бар.

Заӊнамаға "деструктивті діни ағым" және "діни радикализм" ұғымдарыныӊ анықтамасы енгізіледі.

Қазақстан азаматтарыныӊ шетелде діни білім алуын құқықтық реттеу туралы түзетулер енгізілуде.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерініӊ дінге қатыстыіс-әрекетінреттеуге бағытталған түзетулер ұсынылған.

Діни бірлестіктердіӊ қаржылық қызметінініӊ ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы нормалар енгізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы діни ілімдітаратуды заӊнамалық негізде реттеуұсынылады.

Заӊ жобасы аясындадінге сенушілердіӊ де және дінге сенбеушілердіӊ де құқықтары теӊтұрғыда қамтамасыз етіледі;кәмелетке толмағандарды діни жиналыстар және (немесе) рәсімдер, құлшылық етуге қатыстыру шарттары анықталады.

Сондай-ақ, некеге отыру немесе некені тоқтату (ерлі-зайыптылықты) бойынша діни рәсімдер мен жоралғыларды өткізу тек қанадіни ғимараттарда өткізу талабы енгізіледі.

Заӊ жобасында діни саладағы қызметті ұйымдастыру кезінде мемлекеттік органдардыӊ құзыреттілігін нақтылайтын бірқатар нормалар бар. Атап айтқанда, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердіӊ қызметін тексеру құзыретін беру көзделген. Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігініӊ сотталғандармен оӊалту жұмыстарын жүргізу және діни қызметпен байланысты қылмыстардыӊ алдын алу бөлігінде, жергілікті атқарушы органдардыӊ діни ахуалға мониторинг жүргізуге қатысты функциялары кеӊейтіледі.

Заӊ жобасыныӊ таныстырылымына Парламент Мәжілісініӊ депутаттары, мемлекеттік органдардыӊ басшылары, діни және қоғамдық ұйымдардыӊ өкілдері,сарапшылар қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны