11.01.2007, 17:15 3147

Нұрлан Ермекбаев сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Нұрлан Ермекбаев сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды. Осы жөніндегі бұйрыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елбасының бұйрығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды",- делінген хабарламада.

Н.Ермекбаев бұған дейін президенттің кеңесшісі - Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің сыртқы саясат жөніндегі орталығының меңгерушісі қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны