21.01.2014, 19:55 7001

Нұрлан Қаппаров жаңғыртылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі ассамблеясының вице-президенті болып сайланды

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров 2015 жылға жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Бұл - Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша іс-әрекеттерін, сондай-ақ, еліміздің халықаралық деңгейде орнықты энергетика саласында жүргізіп жатқан бастамаларын мойындаудың көрінісі.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров жаңартылған энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі Ассамблеясының фице-президенті болып сайланды, деп ҚОСРМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Ибу-Дабиде (Біріккен Араб Имірліктері) жаңғыртылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі ассамблеясының (IRENA) төртінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бастаған қазақстандық делегация мүшелері қатысты", - делінген хабарламада.

Ассамблея сессиясы барысында жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту және ілгерілету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров 2015 жылға жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Бұл - Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша іс-әрекеттерін, сондай-ақ, еліміздің халықаралық деңгейде орнықты энергетика саласында жүргізіп жатқан бастамаларын мойындаудың көрінісі. Қазақстан Республикасы 2013 жылдан IRENA-ның толық құқылы мүшесі.

Кездесу барысында табиғатты сақтау ісіндегі, оның ішінде ғылыми байланыстардың аясын кеңейтудегі, сондай-ақ, аса қорғалатын табиғи аумақтар биорресурстарын сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар шара аясында 65 мемлекеттің, оның ішінде 2013 жылы ұйым мүшелігін алған 43 елдің, сондай-ақ, 50-ден астам институттардың өкілдерінің Жаһандық атласқа қол қою рәсімі өтті. Бұған дейін Жаһандық атласты IRENA-ның 39 мүше елдері қолдаған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны