20.01.2012, 14:24 3751

Нұрлан Нығматулин мәжіліс спикері болып тағайындалды

"Біз парламент мәжілісі төрағасының сайланғаны туралы қаулы қабылдауымыз тиіс. Төраға болып Нұрлан Нығматулин сайланды. Осы қаулы бойынша дауыс берулеріңізді өтінемін. 104 депутат қатысып отыр, 103 адам жақтап дауыс берді, 1 адам қарсы дауыс берді. Депутат Нұрлан Нығматулинді құттықтаймын және алдағы уақытта пленарлық мәжіліс өткізуін сұраймын", - деді Орталық сайдау комиссиясының төрғасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - Нұрлан Нығматулин мәжіліс спикері болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Нұрлан Нығматулин жасырын дауыс беру жолымен V шақырылған ҚР парламент мәжілісінің спикері болып сайланды.

"Біз парламент мәжілісі төрағасының сайланғаны туралы қаулы қабылдауымыз тиіс. Төраға болып Нұрлан Нығматулин сайланды. Осы қаулы бойынша дауыс берулеріңізді өтінемін. 104 депутат қатысып отыр, 103 адам жақтап дауыс берді, 1 адам қарсы дауыс берді. Депутат Нұрлан Нығматулинді құттықтаймын және алдағы уақытта пленарлық мәжіліс өткізуін сұраймын", - деді Орталық сайдау комиссиясының төрғасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Бұдан бұрын Н.Нығматулиннің кандидатурасын V шақырылған ҚР парламент мәжілісіне ұсынылған барлық үш партия да мақұлдағаны хабарланған болатын.

Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин 1962 жылы 31 тамызда Қарағанды қаласында туған. Саяси ғылымдар докторы (2001 ж.). Қарағанды политехникалық институтын (1984 ж.), БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін бітірген (1989 ж.). 1984-85 ж. "Қарағанды облгаз" өндірістік бірлестігі автобазасының техника қауіпсіздігі инженері, автоколонна бастығы, 1985-1993 ж. Қарағанды қаласындағы Ленин ауданның комсомол комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1-хатшысы, Қазақстан Жастар ұйымы комитетінің төрағасы, 1993-95 ж. "Тенкри" қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті, 1995-99 ж. ҚР Президенті Икімшілігінің ұйымдық-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 ж. Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2004 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрінің орынбасары. 2004-2006 ж. ҚР Президенті Икімшілігі басшысының орынбасары. 2006 жылғы қаңтар айынан Қарағанды облысының әкімі. "Отан" саяси партиясы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы (2006 ж.). 2009 жылғы 19 қарашадан "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары. 2012 жылғы 15 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауында "Нұр Отан" ХДП тізімі бойынша депутат болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны