09.09.2016, 11:12 5345

"Нұрлы жер" жаӊа бағдарламасы әр азаматқа 10 соттық жер бөлу туралы мәселені шешеді

"Міне сіздерге 10 соттық жер, мынадай сәулет жобасымен салдық, сатып алыӊыздар", деп жариялайық. Бұл мәселеде несие беріп немесе басқаша көмектесетін боламыз... Икімдер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жер қорына сараптама жүргізуі тиіс және бас жоспарларға өзгертулер бойынша ұсыныс енгізсін",- деді Елбасы.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысыныӊ бірыӊғай бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Аталған бағдарламада елдіӊ әрбір азаматына 10 соттық жер бөлу туралы мәселесі қозғалатын болады.

"Біз адамдарға тұрғын үй құрылысына 10 соттық жер береміз деп айттық. Енді халық талап етуде, 10 соттық жерді беріӊдер. Бізде дала жетеді ғой. Сонымен далаға барып, құрылыс бастайсыздар, ал одан не шығады? Ол жақта жол, жарық, су, жылу жоқ. Бұлай беруге болмайды. Егер беретін болсақ, коммуникациясын, жерді дайындап алу қажет. Тұрғын үй құрылысы барысында жеке баспана салушылардыӊ шығындарын төмендете отырып, инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымын дайындап алуға ресурстарды шоғырландыру керек. Біз тұрғын үй құрылысыныӊ 30 пайыз шығынын өзімізге аламыз, рахметтерін айтсын. Бұл бюджеттен қаржыландыру үлесін қысқарта отырып мол жеке инвестицияны тартуға септігін тигізеді және адам өз үйіне ие болады", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы жеке тұрғын үй құрылысы мемлекеттіӊ инженерлік инфрақұрылымы тартылған жер телімдерімен қамтамасыз етуіне тікелей байланысты екендігін баса айтты. Сондықтан Үкімет өз үйін салатын азаматтардыӊ қаржысын қайтару тетіктерін де ойластырғаны жөн.

"Мәселен, BI-Group Алматы мен Астанада толық ауылдарды салуда. Мүмкін осы жолмен жүрерміз? Яғни, құрылысшыларға ақшаны беріп, халыққа: "Сіздер қаладыӊыздар ма? Міне сіздерге 10 соттық жер, мынадай сәулет жобасымен салдық, сатып алыӊыздар", деп жариялайық. Бұл мәселеде несие беріп немесе басқаша көмектесетін боламыз... Икімдер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жер қорына сараптама жүргізуі тиіс және бас жоспарларға өзгертулер бойынша ұсыныс енгізсін",- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны