17.02.2015, 18:07 3795

"Нұрлы жол" - сыртқы әсерлерге қарсы тұрудыӊ тиiмдi құралы - Мемлекет басшысы

"Нұрлы жол" бағдарламасы - сыртқы әсерлерге қарсы тұрудыӊ тиiмдi құралы. Бұл туралы бүгiн Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесу барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - "Нұрлы жол" бағдарламасы - сыртқы әсерлерге қарсы тұрудыӊ тиiмдi құралы. Бұл туралы бүгiн Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесу барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бiз 2014 жылы "Нұрлы жол" атты бағдарламаны қабылдадық. Бiздiӊ мақсатымыз - елiмiздiӊ заманауи көлiктiк инфрақұрылымын қалыптастыру. Осы бағдарламаны жаӊа сыртқы экономикалық жағдайға бейiмдеу мақсатында өткен аптада кеӊейтiлген үкiмет отырысы болды. Сол отырыста бiз барлығын егжей-тегжей қарап, қалай жұмыс iстейтінімiздi анықтадық. Жалпы сомасы 500 млрд теӊгені құрайтын бұл бағдарлама - сыртқы әсерлерге қарсы тұрудыӊ тиiмдi құралы, сондай-ақ инвестиция тартып, жаӊа өндiрiстер, жұмыс орындарын ашады", - дедi Н.Назарбаев, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Елбасы бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаржы жыл сайын бөлiнiп отыратынын атап өттi. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мен азық-түлiк өнеркәсiбi, қайта өӊдеу, машина жасау, шағын және орта бизнестi қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсiп кешенiн мемлекеттiк қолдау ұлғайғанын назардан тыс қалдырмады.

"Қазақстанда жасалған" деген брендпен шығатын тауарлар ауқымы ұлғаятын болады. Осы мақсатта Үкiмет бюджет шығыстарын оӊтайландыру туралы Парламентке ұсыныс енгiзетiн болады. Дегенмен, мемлекеттiӊ халық алдындағы барлық әлеуметтiк мiндеттерi күшiн жоғалтпайды. Денсаулық сақтау, бiлiм беру саларын дамыту, адами капиталға ұзақмерзiмдi инвестициялар салу болашақ экономикамыздыӊ өсiмiн қамтамасыз етеді деген ойдамыз", - деп атап өттi Президент.

Н.Назарбаев "Нұрлы жол" бағдарламасына сәйкес инфрақұрылымды дамыту Қазақстаннныӊ әлемдiк экономикалы процесстерге одан әрi ықпалдастығын қамтамасыз ету болып табылатынын да атап өттi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны