03.06.2019, 21:34 10409

"Nurly Ertis" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 50-ден астам көпбалалы отбасы көшіп келді

Екібастұзға қоныс аударған көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

Нұр-Сұлтан. 3 маусым. Kazakhstan Today - "Nurly Ertis" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 50-ден астам көпбалалы отбасы көшіп келді.Сенбі, 1 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордалық тіркеуін өзгертуге шешім қабылдаған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.

Барлық еңбекке жарамды қоныс аударушыларды жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыспен қамтамасыз етеді, балаларды балабақша мен мектептерге орналастырады, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды рәсімдеуге жәрдем көрсетеді.Бүгінгі таңда Екібастұз билігі елдің еңбек күші мол өңірлерінен қоныс аударушыларға 283 пәтер беруге дайын, оның ішінде 89 - үш бөлмелі, 108 - екі бөлмелі, 86-бір бөлмелі пәтерлер.

"Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдау, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда.Осыған байланысты Павлодар облысы әкімдігінің бастамасымен "Nurly Ertis" бірегей бағдарламасы іске қосылды,барлық көшіп келушілерге жан-жақты қолдау көрсетіледі.Екібастұзда көптеген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді, кәсіпкерлік жақсы дамыған, сондықтан оны Қазақстанның дамыған және перспективалы қалаларының бірі деп атауға болады.Бұл оң тәжірибені еліміздің басқа да еңбек күші тапшы аймақтарында да пайдалану қажет", - деді Б. Сапарбаев.

Өңір басшысы Б. Бақауов өз сөзінде Павлодар облысы республикадағы білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі екенін атап өтті.

"Біздің балаларымыз халықаралық және республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленеді, ал үш жастан асқан балалар балабақшалардағы орындармен 100% қамтамасыз етілген.Өнеркәсіп белсенді дамуда, Қазақстанда бұрын өндірілмеген өнім шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылуда. Сондықтан, Павлодар облысында "Nurly Ertis" бағдарламасын іске асыруға ұсынғаны өте орынды.Осы бағдарлама бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға өмірлік қиын жағдайға тап болған 50 көпбалалы отбасы көшіп келді.Біз оларды тұрғын үймен, жұмыспен, балабақшалар мен мектептердегі орындармен қамтамасыз етеміз. Біз қоныстанушыларға көмектесуге міндеттіміз және біздің өңір олар үшін нағыз өз үйіндей болады деп үміттенеміз", - деп сендірді облыс әкімі.

Өз баспанасының бақытты иегерлерінің пәтерлерін көргеннен кейін Министр мен әкім "Дара" қайырымдылық қорының қолдауымен "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып, Екібастұз қаласының №2 мектебінің базасында ашылған психологиялық-педагогикалық түзетуге арналған балалар кабинетінің жұмысымен танысты.

Жобаның мақсаты- ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету.Түзету кабинетінде ерекше бала дефектолог, психолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы және т.б. сияқты мамандар тобынан кешенді білікті көмек ала алады.Кабинет толық қажетті жабдықтармен, оның ішінде Монтессори әдістемесі бойынша, ЕДШ бойынша сабақ өткізуге арналған құрал-саймандармен, тифло және сурдожабдықтармен, "Дельфа" логопедиялық аппаратымен, сондай - ақ барлық қажетті әдістемелік құралдармен жабдықталған.

Жұмыс сапарының соңында Бердібек Сапарбаев Екібастұзға Елордаданкөшіп келген отбасылардың мектепке дейінгі жастағы балалары баратын №27 "Еркем-ай" балабақшасына барды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны