01.05.2017, 21:11 4533

Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр - Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнімен құттықтап, әр шаӊыраққа шаттық пен бақ-береке тіледі

Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды - туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз. Біздіӊ барлық жетістіктеріміз бен жеӊістеріміздіӊ мызғымас тұғыры - татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаӊырақтыӊ, бір тудыӊ астынан табылып, бүгінгідей еӊселі ел, іргелі мемлекет атандық.

Астана. 1 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр - Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Ақорда.

Елбасыныӊ құттықтауында былай делінген:

"Қымбатты отандастар!

Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқыныӊ бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды - туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.

Біздіӊ барлық жетістіктеріміз бен жеӊістеріміздіӊ мызғымас тұғыры - татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаӊырақтыӊ, бір тудыӊ астынан табылып, бүгінгідей еӊселі ел, іргелі мемлекет атандық.

Түсіністік пен тұрақтылық - әрбір азамат атсалысып, әркімніӊ үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. Осынау ақиқатты қалтқысыз ұғыну Отанымыз - Қазақстан Республикасында ұдайы бейбітшілік пен берекеніӊ салтанат құруына септігін тигізеді.

Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаӊғыру үрдістері бірлігіміздіӊ нығая түсуіне ықпал етіп, жаӊа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін.

Баршаӊызға зор денсаулық, еӊбектеріӊізге табыс, әр шаӊыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны