08.09.2016, 11:32 3611

Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдыӊ қазанында Иордания корольдігіне ресми сапармен барады деп күтілуде

Қазақстан мен Иордания арасындағы екiжақты сауда айналымы 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша 806,5 мыӊ АҚШ долларын құрады. Оныӊ iшiнде қазақстандық экспорт 14,8 мыӊ АҚШ долларын құрап, импорт 791,7 мыӊ АҚШ доллары көлемiне жеттi.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдыӊ қазанында Иордания корольдігіне ресми сапармен барады деп күтілуде. Сондай-ақ, ынтымақтастықты дамыту мақсатында бүгiн елордада қос елдiӊ өкiлдерi қатысатын бизнес-форум өтедi.

Атап өтсек, қос елдiӊ үкiметаралық комиссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Иордания Хашимиттік Корольдiгiне 2006 жылы жасаған ресми сапары барысында Иордания Королi Абдалла II бен Ил-Хусейнмен бiрлесiп, екi жақты келiсiм негiзiнде құрылған болатын және өзара дипломатиялық-iскер байланыстарды арттыру үшiн Iскерлiк кеӊес жұмыс жасай бастады. Сол уақыттан берi екi мемлекеттiӊ арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардыӊ деӊгейi жоғарылап, Мемлекет басшыларыныӊ бiрнеше кездесуi өттi.

Қазiргi таӊда Иордания Қазақстанныӊ Таяу Шығыс аймағындағы еӊ жақын әрi сенiмдi одақтастарыныӊ бiрi. Ауыл шаруашылығы, фармацевтика, энергетика, әскери-техникалық ынтымақтастық және туризм салалары елдер арасындағы әрекеттестiктiӊ негiзгi бағыттары болып белгiленген. Қазақстан мен Иордания арасындағы екiжақты сауда айналымы 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша 806,5 мыӊ АҚШ долларын құрады. Оныӊ iшiнде қазақстандық экспорт 14,8 мыӊ АҚШ долларын құрап, импорт 791,7 мыӊ АҚШ доллары көлемiне жеттi.

Иордания қазақстандық ет пен астық өнімдерініӊ араб әлеміне жылжуына ерекше көӊіл бөледі, деп экономикалық мәселе бойынша Иорданияныӊ премьер-министрініӊ орынбасары Джауд аль-Анани сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясыныӊ төртінші сессиясында мәлім етті.

"Біз сіздерді нарық ретінде ойламаймыз, керісінше, сіздерді керемет адам және жақын дос ретінде қабылдаймыз және екі көшбасшыларымыздыӊ жылы қарым-қатынасына мүдделіміз. Біз қарым-қатынасымызды тереӊдетуіміз керек және оған көптеген мүмкіндіктер бар. Иордания сіздердіӊ өнімдеріӊізді экспорттауда сенімді хаб және логистикалық орталық ретінде тек Иорданияда ғана болып қоймайды, сонымен қатар, жалпы барлық аймаққа",-деді Джауд аль-Анани.

Иорданияныӊ вице-премьерініӊ айтуы бойынша, патшалық Қазақстанныӊ ет пен астық мәселесіне ерекше назар аударды және араб әлемінде осы өнімдердіӊ жылжуына көмек көрсетуге қуанышты.

"Біздіӊ ойымызша, біздіӊ елмен қарым-қатынас ЕАЭО мәнмәтінінде мүдделі бола алады. Біздіӊ пайымдауымызша, Иордания ЕАЭО мүше елдермен еркін сауда туралы келісімге қол қоюы тиіс",-деді ол.

"Біздіӊ ынтымақтастығымызды халықтарымыз сезінуі тиіс. Бұл тек сауда мәселесі ғана емес, бұл білім, мәдениет мәселесі де. Өздерініз білетіндей, екі еліміз де заманауи",-деді Джауд аль-Анани.

Естерінізге сала кетейік, Астана қаласында Қазақстан Премьер-министрініӊ орынбасары Асқар Мырзахметов пен Иорданиядан келген делегацияныӊ қатысуымен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясыныӊ төртінші сессиясы өтті.

Астанада өткен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық үкіметаралық комиссиясыныӊ төртінші отырысы барысында Қазақстан мен Иордания қауіпсіздік саласында келісім орнатты.

Кездесу аясында екі үкіметаралық келісім жүзеге асты. Бұл ҚР Үкіметі мен Иордания Корольдігі арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларда шара қабылдауда ескерту саласында ынтымақтасты.

Сондай-ақ, лаӊкестікпен күрес, заӊсыз есірткі айналымымен күрес сынды салалар бойынша келісім орнатылды.

"Иордания ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанныӊ тәжірибесін қабылдайтын болады", -деп ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары, ҚР ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясыныӊ төртінші сессиясында мәлім етті.

"Бүгінгі күні Иордания Таяу Шығыстағы біздіӊ еліміздіӊ еӊ жақын және сенімді одақтастарыныӊ бірі болып табылады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ өзекті бағыттары ретінде фармацевтика, энергетика, ауыл шаруашылығы, әскери-техникалық ынтымақтастық және туризм анықталды",-деді А. Мырзахметов.

Вице-премьердіӊ айтуы бойынша, делегациялардыӊ кездесуі барысында сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер қарастырылды, сондай-ақ, ауыл шаруашылық саласы, стандарттау және метрология, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, мұнай-газ және энергетика, қауіпсіздік және шарттық - құқықтық база мәселелері қарастырылды. Ирқайсысы бойынша нақты уағдаластыққа қол жеткізілді.

"Ауыл шаруашылық саласында Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Иорданияныӊ тез арада Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттердіӊ қатарына қосылу мәселесі талқыланды",-деп толықтырды сөзін вице-премьер.

Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ сауда көлемін арттыру қажеттілігіне келісті,соныӊ ішінде жарма және ет өнімдерін жеткізу бойынша да.

"Иордания ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанныӊ тәжірибесін қабылдайтын болады. Сонымен қатар, біз астықты, қойдыӊ етін экспорттайтын боламыз",-деді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, елдер арасында сауда көлемі 2015 жылы 806,5 мыӊ АҚШ долларын құрады. Онымен қатар, қазақстандық экспорт 14,8 мыӊ АҚШ долларын құрады, ал импорт 791,7 мыӊ доллар көлемінде болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны