25.01.2017, 20:45 6448

Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ ұлттық құрамасына қазақстандықтардыӊ қолдау көрсететіне, сондай-ақ 2017 жылғы универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Универсиада еліміздіӊ тәуелсіздігі тарихында халықтыӊ бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы еӊ ірі оқиға болып саналатынын айтты.

- Атқарылған жұмыстардыӊ бәрін жастар үшін жасадық. Универсиаданыӊ әлеуметтік инфрақұрылымы, спорт нысандары бізге ұзақ жыл бойы қызмет ететін болады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ ұлттық құрамасына қазақстандықтардыӊ қолдау көрсететіне, сондай-ақ 2017 жылғы универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді.

Соӊында Елбасы спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жарқын жеӊістер тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны