23.05.2017, 18:05 4275

Нұрсұлтан Назарбаев "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті барысында Америка Құрама Штаттарыныӊ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті барысында Америка Құрама Штаттарыныӊ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тыӊ Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтыӊ қазіргі ахуалы мен оныӊ кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудыӊ жаӊа сапалы деӊгейіне көтерілетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны