17.01.2018, 16:10 4725

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

Қазақстан мен АҚШ Президенттері келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастыӊ және халықаралық күн тәртібініӊ мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қарсы алу рәсімі аяқталған соӊ Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйдіӊ Құрметті қонақтар кітабына қолтаӊба қалдырды.

Қазақстан мен АҚШ Президенттері келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастыӊ және халықаралық күн тәртібініӊ мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Дональд Трамп ресми сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасында қалыптасқан қатынастарға жоғары баға берді.

- Сіздіӊ осында келгеніӊізге қуаныштымын. Барша жұрт Сізге зор құрметпен қарайды. Екі ел арасында мықты қарым-қатынас жолға қойылған. Қазір Қазақстанныӊ жағдайы өте жақсы. Біз үшін Сізді қабылдау - зор мәртебе. Сіз еліӊіз үшін шынында да іргелі істер атқардыӊыз, - деді АҚШ Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Д.Трампқа алғыс айтып, оны АҚШ Президенті лауазымына сайлануыныӊ бір жылдығымен құттықтады.

- Сізді президенттік қызметіӊіздіӊ бір жылдығымен және экономикадағы зор жетістіктеріӊізбен құттықтаймын. Қазақстанныӊ тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына АҚШ-тыӊ саяси қолдау көрсетуін біздіӊ ел жоғары бағалайды. 26 жыл бойы Қазақстан АҚШ-пен достық қарым-қатынасты берік ұстанып келеді. Бүгінгі сапар сол серіктестіктіӊ дәлелі болып саналады, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтыӊ одан әрі тереӊдей түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны