17.01.2018, 16:32 4742

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тыӊ Энергетика министрі Рик Перримен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ-тыӊ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына оӊ баға беріп, Теӊіз және Қашаған кен орындарында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде айтты

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тыӊ Энергетика министрі Рик Перримен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы кездесуде АҚШ Президенті Дональд Трамппен жүргізілген келіссөздер барысында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ-тыӊ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына оӊ баға беріп, Теӊіз және Қашаған кен орындарында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнімді қайта өӊдеу саласында инвесторлардыӊ күш-қуатын арттыру қажеттігіне назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздегі "жасыл" энергетиканы дамытуға арналған жобалардыӊ жүзеге асырылуы туралы әӊгімелеп, Р.Перриді Төмен байытылған уран банкініӊ ашылуы жөнінде хабардар етті.

АҚШ-тыӊ Энергетика министрі кездесуге ризашылығын білдіріп, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетін негізгі факторларды атады.

Кездесу соӊында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны