22.01.2018, 21:56 5271

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарыныӊ қорытындылары жөнінде кеӊес өткізді

- Сапар табысты болды. Еӊ бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарыныӊ қорытындылары жөнінде кеӊес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Кеӊеске Президент Икімшілігініӊ Басшысы И.Жақсыбеков, Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы В.Жұмақанов, Президенттіӊ көмекшілері Н.Онжанов пен И.Смайылов қатысты.

Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарыныӊ аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

- Сапар табысты болды. Еӊ бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны