10.01.2018, 22:53 5837

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев кеше Америка Құрама Штаттарыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today -Нұрсұлтан Назарбаев кеше Америка Құрама Штаттарыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джордж Кролдыӊ Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуда ерекше рөл атқаратынын айтып, бүгінгі кездесу Қазақстан Президентініӊ Америка Құрама Штаттарына ресми сапары қарсаӊында өтіп жатқанын атап өтті.

- 26 жыл ішінде біздіӊ елдеріміз арасында өзара достық қарым-қатынас орнап, 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімге қол қойылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Д.Трамппен бірге стратегиялық серіктестіктіӊ басым бағыттарында, соныӊ ішінде терроризмге қарсы күрес жүргізу, ядролық қаруды таратпау режімін нығайту саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеӊейту бағытында қол жеткізілген уағдаластықтардыӊ маӊыздылығын айтты.

- Қазақстанда Америка капиталыныӊ қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді, солардыӊ 140-тан астамы - бірлескен кәсіпорындар. Олар тауар өндіріп, өнімдерін басқа елдерге экспорттаумен айналысады, - деді Қазақстан Президенті.

Джордж Крол Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстан Президентініӊ алдағы сапары екі мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны