08.10.2009, 16:40 3071

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жастарды жатақханамен қамтамасыз ету проблемасына назар аударды

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жастарды жатақханамен қамтамасыз ету проблемасына назар аударды

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астана қалалық әкімдігінде бүгін өткен кеңесте президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жастарды жатақханамен қамтамасыз ету проблемасына назар аударды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Соңғы халық санағы көрсеткендей, қала халқының ширек бөлігі - 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Сол себепті жастарға деген қамқорлық бірінші кезекке қойылуға тиіс. Университеттерде жастарды жатақханамен қамтамасыз ету проблемасы күрделі күйінде қалып отыр", - деді Н. Назарбаев.

Президент келтірген ақпаратқа сәйкес, колледждер мен кәсіптік лицейлер жатақханамен 68%-ға қамтамасыз етілген, ал Астанадағы Жоғары оқу орындарындағы жағдай алаңдаушылық тудырады. "Исіресе, Еуразиялық және Агротехникалық университетте 3 мың студент жатақханаға зәру. Кейбір жатақханаларда 2 мың адамның орнына 4 мың адам тұрады", - деді президент.

"Тиісті министрліктер, әкімдіктер мен жоғары оқу орындарының жүйелі жұмысы болған жағдайда бұл мәселені шешуге болатындығына күмәнім жоқ", - деді ол.

Мемлекет басшысының пікірінше, жатақхана тапшылығы мәселесін түрлі жылдарда басқа ұйымдардың иелігіне өтіп кеткен ғимараттарды қайтарып алу, Астананың жаңа әкімшілік орталығына көшкен министрліктер мен мекемелердің босап қалған ғимараттарының есебінен шешуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны