05.10.2017, 18:45 4559

Нұрсұлтан Назарбаев "Байқоӊыр" кешенін дамыту жоспарымен танысты

Мемлекет басшысына Байқоӊыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев "Байқоӊыр" кешенін дамыту жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары кезінде Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған "Байқоӊыр" кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасыныӊ іске асырылу барысымен, сондай-ақ "Бәйтерек" бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

- Ресеймен жасалған уағдаластықтар аясында кешенді дамытудыӊ стратегиялық бағыттары айқындалды. Арнайы құрылған үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз тиісті жұмысты үйлестіруде. Нақты шаралар қабылданып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Қазақстан Президенті өӊірдіӊ экологиялық қауіпсіздігін арттырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Байқоӊыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды.

- Қаланыӊ болашағы зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді. Қала газбен қамтамасыз етіліп, тұрғын-үй кешендері мен әлеуметтік нысандар салынатын болады. Сондай-ақ, жергілікті халықты жұмыспен қамту үшін бірлескен кәсіпорындар құру қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны