08.08.2017, 19:37 4463

Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы 7 айдыӊ қорытындысы бойынша Үкіметтіӊ атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді.

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақордада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады,- деп хабарлайды президенттіӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы 7 айдыӊ қорытындысы бойынша Үкіметтіӊ атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ экономикалық даму көрсеткіштері өсіп келе жатқанын айтып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі іске асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Меніӊ тапсырмам бойынша еліміздіӊ бірнеше өӊірін аралап шықтыӊыз. Жалпы, тұрақты ахуал байқалуда. Алдымызда егін ору науқаны тұр. Оны тиісті деӊгейде жүргізуіміз қажет, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа 7 айдыӊ қорытындысы бойынша экономиканыӊ даму барысы және бағдарламалардыӊ аралық нәтижелері жөнінде мәлімделді.

- Экономикалық өсім 4,2%-ды құрап отыр. Өндіріс саласындағы көрсеткіштер мұнай өӊдеу деӊгейі төмендеген Қызылорда және Маӊғыстау облыстарынан басқа еліміздіӊ барлық өӊірінде 100 пайыздық мөлшерден асты. Біз қазіргі уақытта бұл өӊірлерге жаӊа резерв көздерін жұмылдыру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Негізгі капиталға инвестиция тарту мәселесі жөнінде. Былтырғы осы кезеӊмен салыстырғанда 3,7% өсім байқалуда.

Барлық өӊірлерде көрсеткіштер жақсы. Инфляция деӊгейі биылғы маусым айымен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Азық-түлік бағасы 0,5%-ға төмендегенін атап өткім келеді. Жұмыссыздық деӊгейі 4,9%-ды құрап отыр, - деп баяндады Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр индустрияландыру бағдарламасыныӊ іске асырылуы жөнінде есеп берді. Оныӊ аясында биылғы бірінші тоқсанныӊ қорытындысы бойынша 31 жоба іске қосылды. Б.Сағынтаевтыӊ мәліметіне сәйкес, екінші тоқсанда жаӊа 10 мыӊ жұмыс орнын қамтитын 100 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

- Экономиканыӊ өсуіне "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ іске асырылуы зор үлес қосып отыр. Биыл автомобиль жолдарыныӊ құрылысына 356 миллиард теӊге қарастырылған. Сондай-ақ, қазір 600 шақырым жол іске қосылды. Жыл соӊына дейін 469 шақырым жол ақылы болмақ. Алғаш рет осындай жүйеге қосылған "Астана-Бурабай" тас жолы жылына 1,5 миллиард теӊгеге дейін пайда әкеліп, оныӊ құрылысына жұмсалған қаражатты ақтап отыр. Қазір "Астана-Теміртау" тас жолын осы жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде, - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ орындалу нәтижелері туралы баяндады. Оныӊ аясында биыл 10,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Премьер-Министрдіӊ мәліметіне сәйкес, бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша 5,5 млн шаршы метрді қамтитын құрылыс жұмыстары аяқталған.

Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығындағы бағдарламалардыӊ іске асырылуы туралы есеп беріліп, ел экономикасын несиелендіру жөнінде мәлімет ұсынылды.

Соӊында Қазақстан Президенті Үкімет пен әкімдердіӊ алдына қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырып, бұл ретте өсімніӊ оӊ қарқынын сақтаудыӊ және бөлінген қаражатты игерудіӊ маӊыздылығына тоқталды.

- Үкімет қызу жұмыс жүргізіп отыр деп есептеймін. Мен жылды жақсы нәтижелермен қорытындылау үшін бәріӊізді ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақырамын. Тәуекелді тұстар да жоқ емес. Энергия тасымалдаушыларымызға, шикізат өнімдеріне деген бағаныӊ өзгерісі. Бәлкім, батыстыӊ Ресейге қатысты санкциялары әсер етер. Осыны ескеру қажет, - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны