27.02.2015, 08:23 3889

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасыныӊ Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылыныӊ өзекті мәселелерін талқылады

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылыныӊ өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко талқылауды Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттерініӊ наурыз айына жоспарланған Астанадағы кездесуі барысында жалғастыруға уағдаласты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны