14.03.2017, 21:04 5517

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар туралы жарлық, өкімдерге қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар туралы жарлық, өкімдерге қол қойды

Астана. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігі Басшысыныӊ орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыӊбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығыныӊ меӊгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайыныӊ директоры қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлықтарымен:

Алик Серікұлы Айдарбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Маӊғыстау облысыныӊ әкімі қызметінен;

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметінен;

Сергей Витальевич Кулагин Ақмола облысыныӊ әкімі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығыныӊ меӊгерушісі қызметінен;

Мәлік Кеӊесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысыныӊ бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Нұрмұхамбет Қанапияұлы Ибдібеков Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды, ол Қарағанды облысыныӊ әкімі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Мәлік Кеӊесбайұлы Мырзалин Ақмола облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Маӊғыстау облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны