23.01.2017, 21:28 5097

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысыныӊ Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті

Кездесу барысында тараптар Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі алдағы келіссөздер мәселесін талқылады.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысыныӊ Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі алдағы келіссөздер мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы Астананыӊ келіссөздер өткізуге дайын екенін айтып, барлық қатысушылар үшін жағдай жасалғанын атап өтті.

- Мен Ресей, Түркия және Иран Президенттерініӊ Астанада келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алдым. Біз кездесудіӊ жемісті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатын тараптардыӊ бәрімен теӊ әрі сенімді қарым-қатынаста болғандықтан, келіссөздер қалыпты өту үшін барлық жағдай жасалады деп ойлаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаӊдатып отырғанын атап өтті.

- Тараптар да болып жатқан оқиғаларға біз сияқты алаӊдаушылықпен қарап отыр деп үміттенемін. Сарапшылардыӊ айтуынша, қақтығыс басталғалы 300 мыӊнан астам адам қаза тапқан. Осыныӊ бәрі бізді бұл мәселені бейбіт жолмен ғана шешуге үміттенуге жетелейді, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті БҰҰ-ныӊ арнаулы елшісіне Астанадағы кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздерге дайындық барысына елеулі ықпал ететінін айтты.

Стаффан де Мистура Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік бергені үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштіӊ атынан алғыс білдірді.

- Сіздіӊ еліӊіз халықаралық аренадағы еӊ күрделі түйткілдерді реттеу ісінде зор тәжірибесін көрсетіп, үлгі болып келеді. Қазақстанныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешудегі қосымша мүмкіндік болып саналады, - деді Стаффан де Мистура.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қарулы қақтығысты одан әрі реттеу шаралары жөнінде пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны