06.04.2016, 20:19 3579

Нұрсұлтан Назарбаев Чан Дай Куангты Вьетнам Социалистік Республикасыныӊ Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара түсіністік қарым-қатынастарға негізделген тиімді байланыстар екі республиканыӊ игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті екі елдіӊ арасындағы ынтымақтастық көптеген салаларда жүйелі түрде нығайып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара түсіністік қарым-қатынастарға негізделген тиімді байланыстар екі республиканыӊ игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Чан Дай Куангке мықты денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны