07.09.2017, 15:02 4804

Нұрсұлтан Назарбаев Джибути Республикасыныӊ Президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Джибути Республикасыныӊ Президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Джибути Республикасыныӊ Президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Мемлекет басшысы Джибути Республикасыныӊ Президентін Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады.

- Сіздіӊ сапарыӊыз "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ өтуімен тұспа-тұс келді. Еліӊіз тәуелсіздіктіӊ 40 жылдығын атап өтті. Сіз бүгінгі сыйлыққа лайықтысыз. Мен сізді құттықтаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән беретініне тоқталып, Джибути Республикасыныӊ Африка құрлығында маӊызды логистикалық орта саналатынын атап өтті.

Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық білдіріп, бұл оныӊ Астанаға келген екінші сапары екенін айтты.

- Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақстанныӊ қарқынды дамып, Астананыӊ таӊғаларлықтай өзгергенін атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан бүкіл ислам әлемі үшін зор маӊызға ие болып отыр, - деді Джибути Республикасыныӊ Президенті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны