06.05.2008, 09:48 1520

Нұрсұлтан Назарбаев Египет Араб Республикасының президенті Хосни Мубаракты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Египет Араб Республикасының президенті Хосни Мубаракты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Нұрсұлтан Назарбаев Египет Араб Республикасының президенті Хосни Мубаракты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Сіз бүкіл ғұмырыңызды және күш-қуатыңызды Египет халқының мүдделері мен игілігіне арнап келесіз. Бүгінгі Египет зор саяси әрі экономикалық әлеуетке ие және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рол атқаратын мемлекет ретінде белгілі", - делінген құттықтау жолдауында.

"Қазақстан басшысы Хосни Мубарактың Қазақстан мен Египет арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында атқарған еңбегін айрықша атай отырып, мерейтой иесіне зор денсаулық және баянды бақыт, отбасына амандық, ал достас Египет халқына даму мен құт-береке тіледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны