08.03.2017, 14:52 5040

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі нәзік жандар өкілдерін Халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесу өткізді,-деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесу өткізді,-деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы қоғамымыздыӊ дамуындағы әйелдердіӊ баға жетпес рөлін атап өтіп, еліміздегі нәзік жандар өкілдерін келе жатқан Халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

- Бүгінде Қазақстан әйелдері еліміздіӊ дамуына айрықша үлес қосып отыр. Адамзаттыӊ нәзік жанды өкілдері ел экономикасыныӊ түрлі саласында, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, ғылымда, жеке бизнесте, білім беру мен денсаулық сақтау саласында еӊбек етуде. Елімізде мемлекеттік қызметшілердіӊ 55 пайызын әйелдер құрап отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы мемлекет жүргізіп жатқан демографиялық саясаттыӊ аспектілеріне тоқталып, ана мен балаға қолдау көрсету және оларды қорғау мәселелеріне назар аударды.

- Биыл меніӊ тапсырмаммен 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырыла бастайды. Шілде айында бала тууға байланысты төленетін жәрдемақы көлемі 20 пайызға өседі. Жыл сайын ана мен балаға қарастырылған қаржылық қолдау шығындары 160 миллиард теӊге болып отыр. Оған қоса ата-аналарға 120 миллиард теӊге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленіп келеді. Соӊғы он жылда біз ана өлімін 3,7 есеге, бала өлімін бір жарым есеге дейін төмендетуге қол жеткіздік, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған бірқатар міндетті айқындап берді. Оныӊ ішінде отбасы институтын нығайту басты міндеттіӊ бірі болып саналады.

Бұл орайда Елбасы Қазақстанда ерлі-зайыптылардыӊ жауапкершілік арқалауға дайын болмауыныӊ салдарынан некеге тұрған әрбір үшінші жұптыӊ ажырасып жатқаны жөнінде мәлімет келтірді.

- Қазір елімізде ата-ананыӊ тек біреуініӊ ғана асырауындағы толық емес жарты миллион отбасы бар. Бұл мәселені шешу жөнінде шаралар қабылдау қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы балаларға қатысты кез-келген зорлық-зомбылықты жойып, өскелеӊ ұрпақ тәрбиесін арнаулы үйірмелер мен мекемелерде патриоттық сезімді күшейту арқылы қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

- Төрт жылда бір рет олимпиада жеӊімпаздары жетекшілік ететін Бүкілқазақстандық балалар олимпиадасын өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Тағы бір мәселе - әйелдердіӊ орташа кіріс деӊгейі еркектермен салыстырғанда әлі күнге дейін үштен бір мөлшерге төмен. Мұндай жағдайдыӊ орын алуыныӊ басты себебініӊ бірі - Үкімет бекіткен Ийелдер еӊбегін қолдануға тыйым салынған жұмыстар тізімі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы гендерлік саясаттыӊ басымдығы бар бір бағыты ретінде аналар мен балалар үшін қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ анаға деген сыйластық мәдениетін жандандыру қажеттігін айтып өтті.

- Бәлкім, балалар үшін жалпыұлттық ашық есік күндерін өткізіп отыру керек болар. Құрметті ханымдар, сіздердіӊ қолдауларыӊызбен біз барлық жоспарымызды іске асыра аламыз деп үміттенемін, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі саяси жаӊғыру үдерісі барысында әйелдердіӊ зор рөл атқаратынына сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар өздерініӊ кәсіби және күнделікті өміріндегі жетістіктері жөнінде әӊгімеледі.

Мемлекет басшысы іс-шара соӊында көп балалы ана О.Мұқашеваны "Алтын алқа" белгісімен марапаттап, кездесуге қатысушылар үшін "Ақорда" резиденциясы ішінде экскурсия жүргізді.

Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Ибдіқалықова, Президент Икімшілігініӊ басшысы И.Жақсыбеков, Парламент Мәжілісініӊ депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева, Ұлттық экономика вице-министрі М.Ибілқасымова, микробиолог-ғалым И.Ерназарова, биатлоннан "Алматы-2017" универсиадасыныӊ жеӊімпазы А.Шевченко, ауылдық орта мектеп директоры И.Седова, "Жас Атамекен" жас кәсіпкерлер клубыныӊ президенті З.Көкжанова, ақын Т.Қабылша, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясыныӊ магистранты М.Галицкая, "Теӊізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Адам ресурстары басқармасыныӊ бас менеджері Ш.Алтыбаева, аудандық аурухананыӊ бас дәрігері Қ.Разиева, "Астана-Балет" театрыныӊ жетекші балеринасы М.Буканова, көп балалы ана О.Мұқашева, қобыздан халықаралық байқаулардыӊ жеӊімпазы А.Тәжібаева, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Н.Раззақ, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрыныӊ әншісі О.Давыденко, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Парашютпен секіруге дайындау орталығыныӊ аға маманы Р.Рамазанова, әртіс С.Бақаева, журналист В.Мирланқызы қатысты.

Мемлекет басшысы 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған "Илемніӊ жарығы" атты салтанатты концертті тамашалады

Мерекелік концертте отандық эстрада әртістері мен жұлдыздары өнер көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны