26.09.2007, 14:15 3320

Нұрсұлтан Назарбаев Факультативті хаттамаларға қол қойды

Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының адамды азаптауға және адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан ада жаза түрлеріне қарсы Конвенциясы мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Факультативті хаттамаларына қол қойды. Қазақстанның аталмыш халықаралық құжаттарға қосылуы республика азаматтарына жекелеген шағымдарымен Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі Комитетіне жүгіну мүмкіндігін береді.


Нью-Йорк. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Бірікке ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясы аясында Қазақстанның атынан бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының адамды азаптауға және адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан ада жаза түрлеріне қарсы Конвенциясы мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Факультативті хаттамаларына қол қойды.

Қазақстанның аталмыш халықаралық құжаттарға қосылуы республика азаматтарына жекелеген шағымдарымен Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі Комитетіне жүгіну мүмкіндігін береді.

1966 жылдың 16-желтоқсанындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Қазақстан 2003 жылдың 2-желтоқсанында қол қойған болатын. Қазіргі уақытта пактіге қатысушы елдердің саны 162 жеткен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы азаптауға қарсы Конвенцияны 1984-жылдың 10-желтоқсанында қабылдап, 1987-жылдың 26-маусымында заңды күшіне енген.

1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының адамды азаптауға және адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан ада жаза түрлеріне қарсы Конвенциясын ратификациялаған болатын.

2002 жылдың 18-желтоқсанында Бірікке Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған адамды азаптауға және адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан ада жаза түрлеріне қарсы Конвенциясының Факультативті хаттамасы 2006 жылдың 22-маусымында заңды күшіне енді. Бүгін аталмыш Хаттамаға қатысушы мемлекеттер саны 33 жетіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны