13.02.2017, 17:50 4927

Нұрсұлтан Назарбаев Франк-Вальтер Штайнмайерге ГФР Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Франк-Вальтер Штайнмайерге Германия Федеративтік Республикасыныӊ Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Франк-Вальтер Штайнмайерге Германия Федеративтік Республикасыныӊ Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасыныӊ сайланған Президентін құттықтап, оған зор денсаулық пен табыс, ал достас Германия халқына бейбітшілік тілеп, елдіӊ одан әрі өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.

"Сіздіӊ мол саяси тәжірибеӊіз бен дипломатиялық қабілет-қарымыӊыз отан игілігіне қызмет ете беретініне сенімдімін.

Биыл 25 жылдығы атап өтіліп жатқан Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен сенімге негізделген өзара қарым-қатынасты нығайтудағы Сіздіӊ еӊбегіӊізді жоғары бағалаймыз. Астана мен Берлинде өткен мазмұнды кездесулерімізді мен әрдайым жылы сезіммен еске аламын.

Қазақстан биыл Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне Германияныӊ қатысуын құптайды. Осыған орай, Сізді Қазақстанға ресми сапармен келіп, "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ құрметті қонағы болуға шақырамын", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны