12.07.2017, 17:14 5023

Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративтік Республикасыныӊ Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ф.-В.Штайнмайердіӊ Германия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапармен келіп отырғанын атап өтіп, оған "ЭКСПО-2017" көрмесін аралап көруге қызығушылық танытқаны үшін ризашылық білдірді.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасыныӊ Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Ф.-В.Штайнмайердіӊ Германия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапармен келіп отырғанын атап өтіп, оған "ЭКСПО-2017" көрмесін аралап көруге қызығушылық танытқаны үшін ризашылық білдірді.

- Мен Сізді еліӊіздіӊ Президенті лауазымына сайлануыӊызбен құттықтаудыӊ осындай мүмкіндігі туындағанына қуаныштымын. Сіз дүние жүзіне белгілі әрі көпшілік құрметтейтін саясаткерсіз. Германия халқы өзіӊіздей беделді Президентке ие болды. Біз бір-бірімізді көптен бері білеміз. Сізбен ынтымақтастықта болып, жүздесу әрдайым көӊіл қуантады. Сіз сыртқы істер министрі лауазымында болған кезде біз ауқымды түрлі мәселелерді талқылаған едік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Германия әлемдегі еӊ ірі экономикасы бар ел екенін айтып, елдеріміз жақсы әріптес болып отырғанына тоқталды.

- Қазір ынтымақтастығымыздыӊ жаӊа бағдарламалары бар. Қазақстан осы қарым-қатынастарды барлық бағыттар бойынша дамытуға мүдделі. Сіздіӊ сапарыӊыз аясында Іскерлік кеӊес өтуде. Елдеріміздіӊ бизнес-құрылымдары арасында 20-ға жуық келісімге қол қойылады, - деді Мемлекет басшысы.

Германия Федеративтік Республикасыныӊ Президенті Ф.-В.Штайнмайер Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін бүкіл Германия делегациясы атынан алғыс айтты.

- Сізге қонақжайлық танытып, Германияға және жеке өзіме қатысты айтқан жылы лебізіӊіз үшін ризашылығымды білдіремін. Президент ретінде сайланғаннан кейін мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Осы сапарымныӊ өзіндік ерекшелігі де бар. Биыл біздіӊ мемлекеттер арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 25 жыл толып отыр, - деді Ф.-В.Штайнмайер.

Германия Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық оӊ қарқын алып отырғанына назар аударды.

- Ширек ғасырда экономикадағы, мәдениеттегі және саясаттағы өзара қарым-қатынасымыз нығайып, тереӊдей түсті. Осы іскерлік қатынастардыӊ артқаныныӊ бірден-бір көрсеткіші ретінде Германия ұйымдары мен компанияларыныӊ "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне белсенді түрде атсалысуын айтуға болады. Осы орайда, көрмедегі Германия күнініӊ меніӊ сапарыммен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымын, - деді Ф.-В.Штайнмайер.

Германия Президенті болашақтыӊ энергетикалық мәселесіне арналған халықаралық көрме тақырыбыныӊ өзектілігін де атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны