11.01.2019, 16:03 10020

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті

2018 жылы Вильнюс, Тюмень Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаӊа халықаралық бағыттардыӊ ашылуына байланысты әуежай халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн.-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Ішкі

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы жолаушылар көлемін 6 %-ға арттырды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6 %-ға көп.

2018 жылы Вильнюс, Тюмень Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаӊа халықаралық бағыттардыӊ ашылуына байланысты әуежай халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн.-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Ішкі бағыттағы жолаушылар көлемі де артып, осы уақыт ішінде 2,7 млн-нан аса жолаушы әуежай қызметіне жүгінген. Ішкі бағыттағы танымал бағдарлар: Алматы, Шымкент және Атырау қалалары. Сондай-ақ, 2018 жылы Астана әуежайынан 30 мыӊнан аса ұшақ ұшу сапарларын орындаған.

Анықтама:

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуразия құрлығындағы соӊғы үлгіде салынған әуежайлардыӊ бірі, бұл жерден тәулігіне 180-ге дейін ұшақтардыӊ ұшу және қону сапарлары орындалады және тәулігіне 17 мыӊға дейін жолаушыға қызмет көрсетеді. Елорда әуежайы сағатына 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады. Иуежайда отандық және шет елдік әуе компанияларыныӊ, ішкі бағыт бойынша 21 және халықаралық бағытпен 36 ұшақ рейстері жүзеге асырырылады. 2018 жылы халықаралық әуежай 4,5 млн. аса жолаушыға қызмет көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны