10.09.2017, 13:33 3433

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасыныӊ Президенті Хасан Руханимен кездесті

- Көптеген халықтыӊ ойында Астана бейбітшілік қаласы ретінде сақталған. Ол алдағы уақытта да сол кейіпте қала бермек. Астанадағы саммит Таяу Шығыстағы тұрақсыз өӊірге бейбітшілікті орнықтыруға үлес қосады деп үміттенемін. Саммит өткеннен кейін Қазақстанныӊ елордасын ғылым мен технологияныӊ қаласы деп те атауға болады, - деді Х.Рухани.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Иран Ислам Республикасыныӊ Президенті Хасан Руханимен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы кездесуде Х.Руханиді өткен сайлауда жеӊіске жетіп, Иран Ислам Республикасыныӊ Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

- Бұл бізге бұған дейін басталған диалогымызды жалғастыруға зор мүмкіндік береді. Біздіӊ арамызда сенім мен түсіністік бар. Бұл екіжақты қарым-қатынасты қарқынды дамыту үшін аса маӊызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Иран Ислам Республикасыныӊ Президенті саммитке қатысуға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

- Көптеген халықтыӊ ойында Астана бейбітшілік қаласы ретінде сақталған. Ол алдағы уақытта да сол кейіпте қала бермек. Астанадағы саммит Таяу Шығыстағы тұрақсыз өӊірге бейбітшілікті орнықтыруға үлес қосады деп үміттенемін. Саммит өткеннен кейін Қазақстанныӊ елордасын ғылым мен технологияныӊ қаласы деп те атауға болады, - деді Х.Рухани.

Соӊында Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін Х.Руханиге ризашылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны