12.09.2016, 17:58 3293

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовтіӊ бейітіне гүл шоғын қойды

"Қазақ пен өзбек халқы әрдайым бір-бірімен етене жақын болды. Ислам Абдуганиевич екеуміз 1998 жылы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі басында мәӊгілік достық туралы келісімге қол қойдық, біздіӊ қарым-қатынасымыз үнемі сол келісімге негізделді".

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовтіӊ бейітіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде Ислам Каримовпен екеуін ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыстырып келгенін айтты.

"Өзбекстандықтардыӊ келер ұрпағы, келесі буыны Ислам Каримовты әрдайым есте сақтайды деп сенемін. Оныӊ артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметініӊ нәтижелерін ұрпақ зерттеп-зерделеп, атқарған істерін өзбек халқыныӊ тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасыныӊ қалыптасуы мен дамуы, халықтыӊ әл-ауқатыныӊ артуы оныӊ есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдеріміз арасындағы тарихи және стратегиялық байланысты нығайту жолында Өзбекстанныӊ тұӊғыш Президенті баға жетпес рөл атқарғанына тоқталды.

"Қазақ пен өзбек халқы әрдайым бір-бірімен етене жақын болды. Ислам Абдуганиевич екеуміз 1998 жылы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі басында мәӊгілік достық туралы келісімге қол қойдық, біздіӊ қарым-қатынасымыз үнемі сол келісімге негізделді. Қазақстан әрқашан өзбек халқымен қанаттасып, қатар келеді және солай бола береді. Біз сіздермен барлық қуанышты бірге бөлісіп, қиын кездерде бірге қайғырамыз", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев И.Каримовтіӊ отбасымен кездесіп, Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан шын ниетімен көӊіл айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны