18.08.2017, 17:40 6271

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан қаза болғандардыӊ отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көӊіл айтып, зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Астана. 18 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамныӊ қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаӊ айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеӊейтуді қолдайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан қаза болғандардыӊ отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көӊіл айтып, зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны